Қызылордада көлік қаққан адам көз жұмды

Қызылордада Абай көшесі бойында көлік қаққан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Көлік қаққан жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болды. Автокөлік жүргізушісі ұсталды. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. «Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Онда көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу жағдайы көрсетілген. Тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мəн-жайы анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Баспасөз қызметі Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етілмейтінін ескертті.
ҚОҒАМ 09 шілде 2019 г. 108 0