Балалар терезеден құлап қалмасын!

      Жалпы балалардың терезеден құлауы көп жағдайларда ата-ананың жауапсыздығынан немесе қауіпсіздік ережелеріне немқұрайлы қарауынан болып жатады. Әлі оң-солын танып үлгермеген балаға ата-аналар жауапкершілікпен қарап, абай болу керек. Мысалы, осы күні кішкентай бүлдіршіндердің терезеден құлап кету жағдайлары жиі орын алып жатады. Сол себепті әрбір ата-ана балаларының қауіпсіздігіне барынша көңіл бөлуі керек. Екі жас­қа дейінгі баланың бойы тере­зеге жетпесе, үш жастағы бала­ның терезеге көтеріліп көше­де болып жатқан жағдайды қызық­тауға шамасы келеді. Қазіргі жаз мезгіліндегі терезелердің көбі шыбын-шіркейден қорғайтын тор пер­де­лермен жабдықталған. Бұл шы­бын-шіркейден қорғағанымен, ба­ла­ны құлап кетуден сақтай ал­­майды. Осындай себеппен, 2018 жылы  Қызылорда облысында 1-10 жас ара­лығындағы 4 бала терезеден құ­лап, ауруханаға жатқызылған. Ал, 2019 жылдың маусым айында 2 жасар бала абайсызда төртінші қабаттан терезеден құлап, көз жұмды. Ата-ана үшін үлкен қайғы - баласын жоғалту.  Сон­дықтан әрбір адам шыбын-шіркейден қорғайтын тор пердені қолданбау жағын қарастырып, мүм­кіндік болса, терезенің жоғары, баланың қолы жетпейтін бөлігіне шынжыр ілгек орнату керек. Терезенің тұтқасын мүлде алып тастау керек немесе кілтпен ашылатын тұтқа орнату қажет. Қауіпсіздік пен сырт¬қы көркемдікке арналған ар¬наулы құлып-қоршау қолдану сынды сақтық шаралары да бала¬ларыңызды оқыс жағдайдан құт¬қаратыны анық.

         Жалпы, кішкентай балалар тып-тыныш бола қалса, бірдеңені  бүлдіруде  деген сөз.  Баланың психологиясы сондай. Сондықтан да ата-аналар жайбарақат отырмай, олардың не істеп жатқанын әр мезет сайын қадағалау керек.

 

Қызылорда облысы ТЖД

ҚОҒАМ 12 шілде 2019 г. 274 0