Жолдауда ана мен бала денсаулығына мән берілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог- Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Жолдауымен, облыстық балалар ауруханасының қызметкерлері де танысты.
Жолдаудың "Әлеуметттік жаңғырудың жаңа кезеңі" тарауында, медициналық қызмет көрсетуде қолжетімділік пен сапасына баса назар аудару қажеттілігіне тоқталды. Еліміздің даму бағытына тікелей әсер ететін, ана мен бала өлімі көрсеткішін  төмендетуді тапсырды.
Бұл бағытта, Елбасының "100 аурухана" бағдарламасы аясында  салынған облыстық балалар ауруханасының да көтерер жүгі мол. Қолданысқа берілгеніне 2 жылдан аса уақыт өткеніне қарамастан, балалар денсаулығын нығайту, балалар арасында өлім көрсеткішін төмендету мақсатында, балалар хирургиясы, бұрын облыста болмаған жаңа туылған нәрестелер денсаулығы үшін неонатальды хирургия  бөлімдері ашылды.
Нәтижесінде, балаларға жасалатын оталар саны артып, хирургиялық белсенділік  80 %-ға  өсті.   Отадан кейінгі сәби өлімі 38% - дан 8,6 % - ға 4 есеге төмендеді.  
Әрине, бала денсаулығы, ол - елдің  болашағының кепілі. Сол болашақты сауықтыру біздің  үлесімізде  болмақ.

Зоя Кушенова,
 облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері,
 денсаулық сақтау саласының  үздігі
ҚОҒАМ 02 қыркүйек 2019 г. 261 0