Әлем көшбасшылары спорттың қандай түрімен шұғылданғанды ұнатады?

Спортпен шұғылдану - қазіргі уақыттың басты тренді. Мемлекет басшылары мен жоғары дейңгейлі шенеуніктер де бұл трендтен қалыс қалар емес. Осы орайда Prosports.kz әлемдік көшбасшыларды қызықтыратын спорт түрлерінің топтамасын жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен теннис пен шаңғымен айналысқанды ұнатқаны баршаға мәлім. Ал мемлекеттің қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үстел теннисін жақсы ойнайды.

Беларуссия президенті Александр Лукашенко бір емес, бірнеше спорттың түрімен шұғылданады. Ол хоккей мен теннис ойнап, шаңғымен жүгіріп, велосипед тебеді.

Ресей көшбасшысы Владимир Путин дзюдоны жетік меңгерген, ал жақында хоккеймен әуестене бастады.

Жоғары мектепте АҚШ президенті Дональд Трамп бейсбол мен футболды белсенді ойнаған. Бүгін ол гольфпен айналысқанды ұнатады.

Франция көшбасшысы Эммануэль Макрон еңбек демалысында үлкен теннис ойнайды.

Ал Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедов атқа мінгенді, велосипед тепкенді жақсы көреді. Сондай-ақ ол каратэ мен таэквондоны жетік меңгерген.

ҚОҒАМ 04 қыркүйек 2019 г. 225 0