Орта Азия кубогының иегері

 Қазалылық дарынды спортшы Мұқағали Сансызбаев көгалдағы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы сапында орталық Азия кубогын жеңіп алды.
Талдықорған қаласында 4-8 тамыз күндері өткен байрақты бәсекеде Тәжікстан, Өзбекстан, Оман және Қазақстанның қос құрамасы бақ сынады.
Біздің құрама Тәжікстанды 9:0, Оманды 3:2, Өзбекстанды 1:0 және Қазақстан 2 командасын 3:1 есебімен жеңіп, алғаш рет ұйымдастырылған орталық Азия кубогына ие болды.
Дүбірлі додада Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейдің мұғалімі Мұқағали Серікұлы негізгі құраманың сапында өнер көрсетті.  
Айта кетейік, жерлесіміз Мұқағали Сансызбаев бүгінгі таңда қызылордалық «Қайсар» командасының құрамында өнер көрсетеді. Ол ертең бастап командасымен бірге Қазақстан чемпионатына қатысады.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
ҚОҒАМ 10 қыркүйек 2019 г. 360 0