Қан тобыңыз қандай?

 Жапон ғалымы Шотитаке Коми адамның мінез-құлқын қан тобына қарай анықтауға болатынын тұжырымдаған. Қан тобыңыз бен мінезіңіз сәйкестігін анықтап көріңіз...
І қан тобы. Басшы болуға ұмтыласыз. Көздеген мақсатыңызға жетпей қоймайсыз. Өз күшіңізге сенімдісіз. Сөзбен айналдырудың шеберісіз. Осал тұсыңыз – қызғаншақтық пен кеудемсоқтық.
ІІ қан тобы. Жаныңыз жарасымдылыққа жақын. Тыныштықты қалайсыз. Адамдармен жақсы тіл табысасыз. Шыдамды әрі ақкөңіл жансыз. Осал тұсыңыз – бірбеткейлігіңіз.
ІІІ қан тобы. Үнемі өз дегеніңізбен жүресіз. Қандай жағдайда да сол ортаға тез бейімделесіз, қиялшылсыз. Тәуелсіз боламын деп кейде артық кетесіз. Осал тұсыңыз да осы.
ІV қан тобы. Байсалды қалпыңызбен жағымдысыз. Айналаға жақсы көңіл-күй сыйлайсыз. Бір шешімге келуде ұзақ ойланып-толғанасыз. Қолыңыздан бәрі келеді. Осал тұсыңыз – шешім қабылдауда өзгелердің пікіріне жалтақтайтыныңыз.
ҚОҒАМ 23 қазан 2019 г. 620 0