Қазалылықтар ақын Ақұштап Бақтыгереевамен кездесті

Сенбі күні Қазалы аудандық орталық кітапханада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет орденінің иегері", "Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты", Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы, Қазақ поэзиясының көрнекті қаламгері, ақын Ақұштап Бақтыгереева қазалылық оқырмандармен кездесті.
Аудандық «Қазалы» газетінің ұйымдастыруымен өткен «Ақжайықтың ақ шағаласы» атты рухани шарада ақын өзінің өмір жолы, шығармашылығы мен қоғамда орын алып жүрген түйіткілді мәселелер жайында сөз қозғап, жергілікті ақындардың арнау өлеңдерін тыңдады.
Жиын соңында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Болат Жолтаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әліби Әбиев пен «Қазалы» газетінің бас редакторы Есет Табынбаев ақынға арнайы уақыт бөліп келгені үшін алғысын жеткізді.
Жиналғандар естелік суретке түсіп, қонақтан қолтаңба алды.
ҚОҒАМ 29 қазан 2019 г. 417 0