Ауыл шаруашылығы саласының экспорттық әлеуеті артып келеді

2018 жылы облыстан 34,5 млн. долларды құрайтын 95,8 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталып, 2017 жылмен салыстырғанда 18,2 %-ға артты. Оның ішінде, өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесі 94,5% құрап отыр.
Жалпы экспортталған өнімнің негізгі өткізу нарығын Тәжікстан (34,6%), Ресей Федерациясы (32,7%), Украина (9,1%), Өзбекстан мемлекеті (9%) және Әзірбайжан (7,5%) құрап отыр.
Статистикалық деректерге сәйкес 2019 жылдың 1 қыркүйегіне облыстан 20 161,8 мың долларды құрайтын 48 493,9 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері (балық, күріш, бидай және бидай қалдығы, арпа, тірілей түйе, МІҚ және қой, майлы дақылдар тұқымдары, томат, қияр, қарбыз, қауын) экспортталып, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 98,1 пайызды құрап отыр.
2013 жылы экспортқа 3 түрлі өнім шығарылса (балық, күріш, астық қалдығы), бүгінгі күнге оның саны 19-ға ұлғайтылды (қауын, қарбыз, қияр, бидай, арпа, тірілей қой, мақсары майы, картоп, өсімдік шырындылары, рапс және құнбағыс тұқымдары, күріш сабаны, көкөніс, томат, тірілей МІҚ және түйе экспортталуда).
Сондай-ақ, жыл басынан бері Иран мемлекетіне 789 бас қой және Өзбекстан мемлекетіне 148 бас түйе, 250 бас МІҚ малдары, БАӘ-ге 950 бас қой жөнелтілді. Бұдан бөлек, Қытай мемлекетіне 20 тонна жүн экспортталды.
Жыл соңына дейін Иран мемлекетіне 150 бас МІҚ, БАӘ-не 1000 бас қой және 200 бас МІҚ, сондай-ақ бақша дақылдарын экспорттау жоспарлануда.
ҚОҒАМ 31 қазан 2019 г. 246 0