Ардагер футболшылардың жетістігі

Жуырда Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында ардагер футболшылардың республикалық турнирі өтті. Еліміздің бас қаласындағы байрақты бәсекеге 12 команданың қатысуы жарыстың бәсі қаншалықты жоғары екенін аңғартады. Қазалы командасы осы турнирдің күміс жүлдесін иеленді.
Қазалылық ардагерлер іле-шала Тәуелсіздік күні қар­са­ңында Алматыда ұйымдас­тырылған халықара­лық турнирде алаң иелерінен басым түсіп, алтын медаль еншілеп, жеңімпаз атанды.
Бұл жетістікке Әкімжан Әбішев, Бауыржан Ахантай, Толыбай Жүсіпов, Серік Тоқ­таболатов, Нұрлан Қозы­баев, Байтақ Тұрсынбаев, Алмас Лепесов және тағы басқа да азаматтар зор үлес қосты.
2008 жылы Бауыржан Ахантай салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Дос­тар» қорын құрған болатын. Игілікті істі өзге өңірлерде тұратын жерлестері құптады. Осылайша, Қазалы түлектерінен арнайы спорт командасы жасақталып, бәсекелерде бақ сынаған. Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Тараз, Қостанай, Көкшетау, Қызылордада спар­такиада ұйымдастырды. «Қай­рат» футбол командасымен, Ресей, Қырғыз елінің футболшыларымен жолдастық кездесу өткізді. Биылдың өзінде ардагер футболшылар Байқоңыр, Тараз, Нұр-Сұлтан, Алматыдағы ірі жарыстарға қатысты.
Ардагерлердің алған асуы спорт деген тылсым әлем­нің жасқа қарамайтынын аңғарт­қандай.

Жұмабек ТАБЫНБАЕВ.
ҚОҒАМ 23 желтоксан 2019 г. 659 0