35 мыңға жуық қазақстандық елден кетті

73

0

2017 жылдың қаңтар-қараша айларында 35,1 мың адам Қазақстаннан кетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

2016 жылы осы уақыт аралығында Қазақстаннан 32,5 мың адам кеткен болатын. Бұл кейінгі жылдан 8% көп.

2017 жылдың қаңтар-қараша айларында мигранттар саны 2016 жылмен (9,2 мың) салыстырғанда, 21,2% көп болып, 10,3 мың адамды құрады. Миграция сальдосы – 20,6 мың адам.

ТМД елдерінен Қазақстанға тұрақтау үшін 10,3 мың адам келсе, 31,4 мың адам керісінше көшіп кеткен. ТМД елдерінен миграция сальдосы 21,1 мың адамды құрады.

Осы уақытта өзге мемлекеттерден 4,1 мың адам келіп, 3,7 мың адам кетті. Миграция сальдосы 467 адамды құрады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз