Еріктілік қазаққа таңсық емес

2020 жылдың «Волонтерлар жылы» болып жариялануы біз секілді ерікті қоғам мүшелерінің жұ­мы­сына сер­пін беріп, жауап­кершілігін арттырады. Президент бұл мәселеге кешегі Үкімет оты­ры­сында да айрықша тоқ­талды.

Өзім – студентпін. Оған қоса, «Qaz Volunteer» рес­пуб­ли­калық жобасының ерік­тісі, облыстық еріктілер штабының мүшесі, «Харекет» қорының өкілі ретінде түрлі игі шараларға араласып келемін. Бір ғана мысал, қазақ елінің қабырғасын қайыстырған Арыс оқиғасы кезінде сырбойылық жомарт жандардың жинап берген жылуын ондағы ағайынға жеткізіп, халықтың алғысын алдық. Қолдауға мұқтаж қаншама адам «Харекет» қорының ұйытқы болуымен қоныс тойын тойлағанынан көпшілік хабардар.

Біздің атқарып жүр­ген ісіміз қазақтың дәстүрінде бұрыннан бар және ол «Асар» деген атаумен белгілі. Еріктілік – жастардың белсенділігін көрсетіп қана қоймай, адамдарға көмек беріп, тәжірибе жинауға, өмірлік ма­ңыз­ды дағдыларды да­мы­тып, әлемді жаңа қырынан тануға мүмкіндік беретін бірден-бір игі шара. Сондықтан, уақытты еріктілікке жұмсау – тұлғалық дамуға құйылған инвестиция деп есептеймін.


Шернияз АЛҒАСБЕКҰЛЫ,

волонтер,

"Jas otan" жастар қанатының мүщесі.

ҚОҒАМ 28 қаңтар 2020 г. 461 0