Жас суретшілер байқауы

С.Айтбаев атындағы Көркемсурет галереясында Қалалық білім бөлімі қосымша білім беру оқу әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  мектеп оқушылары арасында «Қысқы стоп кадр» атты  сурет байқауы өтті.
Байқауға жиырмаға жуық қала мектептерінен 32 оқушы қатысты. Жас суретшілердің  жұмыстарын С.Айтбаев атындағы Көркемсурет галереясының меңгерушісі Перизат Ашанова, суретші Батыр Назаров, өнертанушы Тұрсынбек Омаров сарапқа салды.
Байқау нәтижесінде 5 сыныптар арасында I орынды №4 IT мектеп-лицейінің 5“а” сынып оқушысы Анель Жалғасбай, ІІ орынды №10 мектеп-лицейінің 5“ә” сынып оқушысы Сандуғаш Алмахан, ІІІ орынды №43 мектебінің 5“а” сынып оқушысы Кәусар Алтай иеленді.
Ал 6 сынып бойынша I орынды №5 мектеп-лицейінің 6“б” оқушысы Дайана Баданова мен Мұрагер мектебінің 6“Q” оқушысы Ақбота Жайнар, ІІ орынды №222 мектебінің 6“а” сынып оқушысы Аңсаған Кеңесбай мен №271 мектебінің 6“ә” сынып оқушысы Ақнұр Аманжолқызы, IІІ орынды Мұрагер мектебінің 6“Q” оқушысы Ақбота Сәрсенәлиева жеңіп алды. Ал 7 сынып арасында І орын №278 IT мектеп-лицейінің 7“б” сынып оқушысы Сабина Рустемоваға берілсе, ІІ орынға №112 мектебінің 7“а” сынып оқушысы Саят Сағындық, ІІІ орынға №264 мектеп-лицейінің 7“в” сынып оқушысы Марат Арысбеков лайық деп танылды. Сонымен бірге 8 сынып бойынша I орынды №253 мектебінің 8“ә” сынып оқушысы Арайлым Маусымбаева жеңіп алса, ІІ орынды №7 мектеп-лицейінің 8“а” сынып оқушысы Жанель Алтынбекқызы иеленді. Қатысушылар қалалық білім бөлімінің арнайы дипломдарымен және алғыс хаттармен марапатталды.

«СБ» ақпарат.
ҚОҒАМ 31 қаңтар 2020 г. 332 0