Қыз расымен тауар ма?

    Халқымыз байырдан қызды құт көріп, көзінің қарашығындай сақтап, қорғаған. Ал қазіргі аға буын сол аруларды «тауарға» теңеуде.  Бұл қаншалықты дұрыс?

   Елге абайтанушы болып кең танылған Омар Жәлел соңғы сұхбаттарының бірінде «өлген аруақ жер таңдамайды, отырған қыз бай таңдамайды», «қыз – тауар» деген секілді есті құлаққа ерсі естілетін сөздерімен талай қызғалдақтардың ашуын туғызды. Бұл сөздерді айту оқыған, саналы адамға тән бе? Абай мен Шәкәрімнің айтқан әр сөзін өмірлік ұстаным етіп қалыптастырған Омар мырзаның аузынан қызға қатысты мұндай сөздерді естігенде таң қалдым. Үнемі өнегелі сөздерімен өзгелерді таңдай қақтырып жүрген дінтанушы осылай десе, өзгелерден не үміт, не қайыр?!

   Қыз – аяулы ана! Қыз – сүйікті жар! Қыз бар үйде құт бар! Әрбір қазақ қызы сенің қарындасың немесе қызың! Оларды қорғау, құрметтеу сенің азаматтық борышың. Қыздың көз жасына қалу жақсылыққа апармайды. Сондықтан Алланың аманатына қиянат жасамаңыздар, жігіттер!


Жания Төребекова,

Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың 1-курс студенті.

ҚОҒАМ 11 ақпан 2020 г. 726 0