Жаңа номер
Читать в PDF №51 (19927)
Скачать файл: 51-19927.pdf [3.29 Mb] (cкачиваний: 34)
Посмотреть онлайн файл: 51-19927.pdf %26viewonline%3D1" target="_blank" rel="noopener noreferrer">PDF нұсқалар мұрағаты
  • : :
syrboyi@yandex.kz
+7 (7242) 40-02-17

Ауылсыз қала өспейді

Менің қолыма қалам алуыма жуырда бір республикалық басылымда жарияланған мақала себепші болды. Онда «ауылдың келешегі жоқ» дегендей пікір айтылған. Сол үшін ауыл туралы жазуға мәжбүр болдым.

Бізді 1974 жылы Иіркөл (то­ған шаруашылығы) елді ме­ке­ніне көшіріп әкелді. То­ған шаруашылығын қолдан тұр­ғызып, балық өсіре бастадық. Қа­ланы, дүкендерді тірі балық­пен қамтамасыз еттік. Сол уақыт­та балық маманы (рыбо­вод) болып істедім. Арал теңі­зінен балықшылар көшіріп әке­ліп, қысы-жазы қаланың әр дүкеніне балық жібердік. Өзіміз қолдан балық өсірдік. Ауыл көркейді, онжылдық мектеп болды. Жұмыс көзі жетерлік еді, мал ұстадық, бақша ектік, халық тұрмысы жақсарды. Кейін ауыл тұрғындары қалаға көше бас­тады. Жастарға жұмыс болма­уынан қазір онда 20 шақты үй тұрады. Кәсібі – мал бағады. Қасында «Абзал и К» компаниясы күріш, жоңышқа егеді, сонда жұмыс істейді.

Менің бір балам сол ауылда тұрады, мал бағады. Айтайын дегенім, ауылдың келешегі жоқ деген дұрыс емес. Бір мысал келтірейін. Келінім, 5 баланың анасы Аягөз Ақжолова қалада Өндірбаев көшесі №26 үйде тұрады. Әр аптаның жұма кү­ні ауылға барып, сиыр сауып келеді. Сол сауған сүтін көршілерге өткізеді. Мамыр айының аяғында балалары оқудан босаған соң, ауылға көшіп барады. Онда үйіміз бар. Сонда қыркүйекке дейін отырып, күніне 40-50 сиыр сауады. Сүтті айран, ірімшік, құрт, сүзбеге айналдырып, өзі тұратын көшеге әкеледі. Көшеміздің тұрғындары өте риза. Қолдың сүті. Бағасы да қонымды.

Айтайын дегенім, ауыл адамдары бар тапқанын қалаға әкеледі. Ауылсыз қала өспейді. Мен сол жердің үлкенімін. 1938 жылы туғанмын. Онда 4 ардагер тұрамыз. Қаладан небәрі 30 шақырым. Соңғы жылдары жолымызды асфальттап берген. «Ауылдың келешегі жоқ» дегенді айтқан  адам ауылға барып көрді ме екен?

Темірбек ИХЛАСОВ,

еңбек ардагері.

ҚОҒАМ 17 наурыз 2020 г. 234 0