Қызылорда маршруттары үшін ортақ баға белгіленді

1474

1

Қызылорданың қоғамдық көліктерінде электронды және қолма-қол жолақы үшін бірдей баға – 90 теңге белгіленді. Бұл туралы қала әкімдігінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

Бұған дейін 1 қыркүйектен бастап қолма-қол билет құны 120 теңге болып өзгеретіні айтылған еді. Сараланған тариф азаматтарды көлік картасын пайдалануға ынталандыру мақсатында қойылған болатын.

«Алайда тұрғындар өтінішін ескеріп, ұсыныстарды тыңдай келе электронды немесе қолма-қол төлем жасаушылар үшін де ортақ баға 90 теңге болып сақталып, оны өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылданды. Әйтсе де, электронды төлем жүйесіне өту – заман талабы. Сол себепті жол ақысын электронды төлеуге ұсынылған 8 түрлі төлем жасау тетіктері дамытылып, жүйеге ауысу 1 қыркүйектен бастап кезең-кезеңімен жалғаса беретін болады. Сондықтан жол ақысын төлеудің электронды жүйесіне ауысуды сұраймыз!»- делінген хабарламада.

Сб-ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<