АҚ ХАЛАТТЫЛАРҒА АЛҒЫС

64

0

Өмірде екі мамандық иелері қадірлі де құрметті саналады. Олар адам жанының арашасы – ақ халатты абзал жандар, яғни дәрігерлер. Ал, екіншісі – сол адамға білім нәрін себетін, яғни сауаттандыратын ұстаздар.
Мен өзім ұстаз болған соң жылт еткен жақсылықты жазуға тура келеді. Екі-үш жылдан бері науқастанып жүрдім. Емделдім де, бірақ нәтиже болмады. Содан осы қыркүйек айында аяқ астынан қатты ауырып, қалалық аурханаға түстім. Мені операцияға дайындап, ота жасады. Сондағы маған жылы сөздерімен де, ісімен де емдеген азаматтарға риза болдым. Әсіресе, аурухананың хирургия бөлімінің меңгерушісі Ғани Әбдіхалықовқа аналық алғысымды білдіремін. Дені сау, отбасы аман болып, абыройға жете берсін. Бұл кісіге көмекші болған ардагер хирург Юрий Кузмичке де айтар алғысым мол. Мұнан соң күні-түні ем берген аяжандар Айжан Базарова мен Фарида Әбдірахмановаға үлкен рахмет айтамын. Жатар орнымыздың тазалығын сақтап, таза ауамен тыныстауымызға жағдай жасаған Қаракөзге де ризамын. 
«Денсаулық – зор байлық» деп, дана халқымыз айтса айтқандай, деніміз сау болып, аман болуды Алла жазсын. Әуелі бір Алла, сонан соң шықпас жанға себепші болатын ақ халаттыларға айтар алғысым шексіз.
Тынымкүл ҚАНЗАДАЕВА,
ардагер-ұстаз.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз