АҚ ЖОЛ САҒАН, ЖАС ТҮЛЕК!

80

0

АҚ ЖОЛ САҒАН, ЖАС ТҮЛЕК!Сенбі күні орталық алаңда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітіруші түлектерге диплом тапсыру салтанатты кеші болып өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, саяси ғылымдар докторыМұрат Бақтиярұлы, «Абзал және К» толық серіктестігінің директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев пен «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Наурызбай Байқадамов, облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Райкүл Байназарова мен оқытушылар, ата-аналар қатысты.

Диплом тапсыру салтанатының ашылуында университет ректоры Қылышбай Бисенов жиналғандарды құттықтап, түлектерге жылы лебізін арнады.

– Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің бүгінгі же­тіс­тігі зор. Көпжылдық тарихыбар университет еліміздегі маңдайалды оқу орын­дарының алдыңғы сатысында көрініп ке­леді.Біздің мыңдаған түлектеріміз алған білімдері мен кәсіби біліктіліктерініңнә­тижесінде еліміздің түкпір-түкпірінде жұ­мыс жасап, мемлекетіміздің әлеуметтік-эко­номикалық дамуына елеулі еңбек ету­де. Бұл – біз үшін үлкен қуаныш. Олар­­дың қатарында елге танымал қоғам қай­­рат­керлері, ғалымдар, ұстаздар, ең­бек ерлері мен даңқты спортшылар бар. Енді сіздердің алдарыңызда тұрған тағы бір мақсат – университеттен алған білім­деріңізді тәжірибемен ұштастыра отырып, еңбек нарығында бәсекелестік қабілеті жоғары кәсіби маман болу. Үлкен өмірге қадам басқан әрбір түлектің болашағынан зор үміт күтемін,– деді Қылышбай Бисенов.

Одан әрі салтанатты кеште облыс әкімнің орынбасары Рауан Кенжеханұлы тарихы терең, ғылыми-педагогикалық әлеуеті жоғары оқу орнында білім алып, жарқын келешекке қадам басып жатқан жастарды құттықтады. Сонымен қатар Президенттік стипендиямен арнаулы стипендия иегерлеріне дипломдарын салтанатты түрде табыстады.Сондай-ақ, Мұрат Бақтиярұлы, Наурызбай Байқадамов, Абзал Ералиев және Райкүл Байназаровалар университет қабырғасында жүріп түрлі халықаралық, республикалық додаларға қатысып, білім, ғылым, өнер саласында үлкен жетістіктерге жеткен бірқатар студенттерге диплом ұсынды.

Жалпы 78жылдық тарихы бар универ­ситет институционалды және арнайы мамандандырылған аккредиттеуден, мем­ле­кет­тік аттестаттаудан өткен өңірдегі іргелі оқу орны. Мұнда Елбасының тапсырмасына сәйкес нарықтың өзгермелі жағдайына бейімделген, бәсекеге қабі­летті, кәсіби білікті мамандар даярлау бағытында 2012-2013 оқу жылынан бастап бакалавриаттың 16 мамандығын оқыту үдерісі көптілді білім беру жүйесі бойынша жүзеге асырылып келеді. Үш тілді еркін меңгеру арқылы академиялық ұтқырлық, қос диплом бағдарламалары аясында университеттің 50-ге жуық студенті мен магистранты АҚШ, Түркия, Австрия, Оңтүстік Корея, Польша және Египеттің беделді жоғары оқу орындарында білімдерін жетілдіріп келді.

Биылғы оқу жылында 48мамандық бойынша 1429 студент бітірсе, оның 1132-сі күндізгі оқу бөлімінің түлектері. Олардың қатарында 296 үздік диплом иегері бар.

Салтанатты жиында университеттің түлектері ән-жырдан шашу шашып, кеш соңы мерекелік отшашуға ұласты.

 

Сара ҚОРҒАНБАЙҚЫЗЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз