АБАЙЛАҒАН АБЗАЛ

43

0

Өткен
жексенбі күні Оңтүс­тік өңірлік
аэромобильдік жедел құтқару жасағы мемле­кет­тік
мекемесінің кезекшілігіне қаладағы
Локомотив депосының ауласында адамды темір басып қалғандығы жайында суыт хабар
келіп жетті. Жасақ құтқару­шылары төтенше жағдай орын алған жерде 7 жасар
баланың ой­нап жүргенінде алақанына үш­кір темір кесіндісі кіріп кет­кеніне
және оның темір астында қалғандығына куә
болды. Құтқарушылар теміркескішті пай­даланып, қаңылтыр қоршау­дың бір бөлігін
мұқият кесті де баланы жерге түсірді.
Оған әрі қарай көмекті жедел жәрдем қыз­меткерлері көрсетті.

Осы
орайда ата-анаға бауыр еті балаларына сақ болу, оларды әр кез назардан тысқары
қалдырмау қажеттігі туындай­ды. Олардыңқалай ойнап, қайда жүргендерін бақылау қажет. Әйт­­песе, қатер жас
балаға аяқ астында жолыға салары анық. Ба­лаға, оның тірлігіне сақ болайық.

Гүлнұр РЕЙМБЕРГЕН.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз