ҚАЛА КӨРІКТЕНІП КЕЛЕДІ, БІРАҚ…

65

0

ҚАЛА КӨРІКТЕНІП КЕЛЕДІ, БІРАҚ...

Осындай тақырыппен редакциямызға Қызылорда қаласы
Набережная көшесінің 128-ші кварталы
тұрғындарынан хат келіп түсті. Хат
мазмұнына назар аударалық.

«Қызылорда қаласы соңғы
бір-екі жылда адам танымастай өзгеріске еніп, күн санап көріктеніп келеді. Не
жасыратыны бар, қаламыздың көркі көршілес Ақтөбе, Шымкент, Атырау қалаларынан
әлдеқайда төмен болатын. Жоғарыда айтқандай, соңғы екі жылда Астана даңғылы,
Жібек жолы, А.Байтұрсынов атындағы көшелер көркейіп, адам танымастай өзгерген.
Сондай-ақ, көптен бері қала тұрғындарының көкейінде жүрген Сырдария өзенінің
жағалауындағы қолға алынып отырған жұмыстар да көпшілікті қуанышқа кенелтуде.
Жобаға сәйкес ені 3 метр, ұзындығы 2000 метр болатын тас жол (брусчатка)
төсіліп, жаяу жүргіншілер жолы жасалды. Осы жолдың қапталынан ені 3 метр,
ұзындығы 2000 метр болатын асфальт төселген жол салады. Бұл жолдың бойынан әр
10 метр сайын түн жарығы бағаналары орнатылды. Дария жағалауы Петербург
қаласындағы Нева өзенінің жағалауы іспеттес өрнектелген темірмен қоршалған.
Бұрын-соңды мұндай әсем құрылысты көрмеген қызылордалықтардың облыс пен қала
басшылығына айтар алғыстары шексіз дейді хат иелері. Олар жақсы басталған
бәзбір істердің аяқсыз қалып жатқанын да қынжыла жазыпты.

Өкініштісі сол, дария жағалауына көтерілуге мүмкіндік жоқтың қасы.
Жағалауға шығар баспалдақ­тар 3 жерге ғана орналасқан. Дария жағалауындағы
Набережная көшесінде көліктердің жүруіне ешқандай мүмкіндік жоқ, содан да
тізеден келетін май топырақ шаңы бұрқырап жатыр. Сондықтан да көше тұрғындары
Қорқыт ата ескерткішінен бастап Набережная көшесіне асфальт төселсе деген
ұстанымдарын тілге тиек етеді.

 

ЖЕРІМІЗ КЕҢ, КӨШЕ ТАР…

Осыдан 5-6 ай бұрын облыстық «Сыр бойы” газетінде Қызылорда
қаласы С.Бекшораұлы атындағы көше тұрғындарынан шағым хат келіп түскен болатын.
Онда көшенің өте тарлығы, жаяу жүргіншілер жолының жоқтығы айтылған еді.
Өкініштісі сол, күні бүгінге дейін тұшымды жауап жоқ.

Айтқандай, кезінде бұл кө­ше­мен автокөліктер өте сирек
жүретін. Ал, бүгінде жарыса жүйткіген көліктерден көз сү­­рінеді. Биылғы жылы
облыстық ме­ке­мелердің топтасқан зәулім ғи­мараты, «Шығармашылық үйі”, «Каз­Транс­­Газ”
нысандары пайдалануға берілді. Жүр­гізу­шілердің жұмыс орындарына «Арай” мөлтек
ауданы арқылы келеді. Көлікте, көбейгеніне қар­сы­­лығымыз жоқ, бірақ жаяу жүр­гіншілердің
жай-күйін ойлап, бас қатырып жүрген олар жоқ. Не істеу
керек?

Айтайық, бұл көшенің бір
жақ бетіне жаяу жүргіншілер жолы салынуы керек. Бұл – бір. Екіншіден,
автокөліктер көше бойымен бір жақты жүруі қажет. Айтқандай, бұл мәселе облыстық
ішкі істер басқармасының қоғамдық кеңес отырысында көтеріліп, жақын арада
автокөліктердің бір жақты жүрісі қолға алынады деген тұшымды жауап алғанбыз.
Айтылған сөз орындаусыз қалды. Тағы бір айтпағымыз, жүк көліктерінің жүрісіне
тоқтам жасалуы керек.

Сонымен қаладағы
Набережная мен С.Бекшораұлы атындағы көшелер тұрғындары талап-тілек­теріне қала
әкімдігімен тұшымды жауап күтеді.

Көше
тұрғындары атынан:

Еркін АҚҚАЛИҰЛЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз