ҚАЛАМЫЗҒА ҚОРҒАН БОЛАЙЫҚ

65

0

Сыр бойының бас шаһары күн өткен сайын өзгеріп, көркейіп келеді. «Сырт көз  – сыншы» дейді ғой. Қала келбетіндегі өзгерісті өзге өңірден келгендер де жиі айтады. Үлкен де көркем ғимараттар салынып, көшелері күндіз гүлмен жайнап, түнде әр түрлі шамдармен жарықтанған қала келген қонақтарға жақсы әсер қалдырады.
Тұрғындар да қалада болып жатқан өзгерістерге, іс-шараларға белсене  қатысып, шаһар шырайына үлес қосуда.
Биылғы 10 айда қала бюджеті 1,5 млрд. теңгеге артығымен орындалды. Бұл қаржының басым бөлігі қаланы көркейтуге жұмсалды. Қаланы әсемдендіру бағытындағы жасалған игі істерді кейбір жастарымыз бағаламай, бюджеттің қаражатынан безендірілген демалыс орындарындағы ескерткіштер мен орындықтарды сындырып, шамдарды істен шығаруда. 
Неге? Жастардың бойында жақсылықты бағалай алмайтын қасиет қайдан жұқты?
Бүлінген аялдама мен істен шыққан шамды жөндеуге бюджеттен бөлінер қаржыны басқа көшені көркейтуге жұмсаған тиімді емес пе?..
Еуропа елдері қалаларының тұрғындарынан неге үлгі алмасқа? Олардың неше ғасырлық тарихи ескерткіштері, көшелері сынын бұзбай сақталып тұр. Қызылорда – тарихи қала, Қазақстанның бірінші астанасы. Өткені өте қызық, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге болады. 
Еліміздің болашағы – жастар! Осы жастарды тәрбиелейтін біз, қала тұрғындары. Сол себептен, барлық азаматтарды туған қаламыздың таза және көркем болуына атсалысуға шақырамыз.
Қаламызға қорған болайық, ағайын!
Гүлдана ТАҢАТОВА,
Қызылорда қаласы бойынша салық басқармасының бөлім басшысы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз