Шиелі аудандық сотының баспасөз
қызметінен хабарлағанындай, азаматша Р. өзінің танысы Н.-ның сеніміне
қиянат жасаған.
Ол танысына 1 млн. теңгесін зейнетақы қорына салса,
оған 27 млн. теңге несие алып беретіндігін айтады. Сөйтіп, өзіне сенген жәбірленушінің
1 млн. 230 мың теңге ақшасын алаяқтықпен алдап алып, бас пайдасына жаратып
жіберген.
Басты сот талқылауында айыбын жартылай мойындаған Р. 4
жылға шартты жазаға кесілді.
Бақтыбай БЕРДІБАЕВ.