АЛҒЫС АЙТСАМ ДЕП ЕДІМ…

59

0

«Дәрігер – адам жанының инженері» деп бекерге айтылмаған болар. Ширек ғасырдан бері бірнеше сырқаттың шырмауына ілігіп, осынау ақ халатты абзал жандардың қызметіне жүгініп келемін. Зейнетке шыққан соң да алаңсыз аурудан шықпай қойдым. Пайғамбар жасқа жеткен шағымда биылғы шіліңгір шілденің соңғы күнінде ес-түссіз құлап, о дүниенің есігін бір қағып оралдым.
Абырой болғанда, қаланың өзім тұратын темір жолдың арғы бетіндегі жедел жәрдем стансасының көмегімен қалалық аурухананың бірінші терапия бөлімшесіне түсіппін. Бөлімше меңгерушісі Зәуре Бейсенованың тікелей бақылауымен, емдеуші дәрігерім Іңкәр Сейітманбетова үнемі жанымнан табылып, өмірден күдер үзген мені шипалы емімен ажал тырнағынан арашалап қалды. Шүкір, қазір денсаулығым қалпына келген сыңайлы.
Осындайда өміріңді жарық дүниемен жалғаған жандарды қалайша ұмытпақсың. Сондықтан қолыма қалам алып, адалдық пен адамгершілік, ізгілік пен мейірімділік, кішіпейілділік пен қарапайымдылық, сондай-ақ сыпайылық бойларынан табылған абзал жандарға аналық алғысымды айтсам деп едім. Гиппократ антына адалдықтарыңыздан айнымай, сырқат жандарды жылы сөздеріңіз, шипалы емдеріңізбен сауықтырып, жандарына өмір нәрін сыйлай беріңіздер дегім келеді.
Сара АМАНОВА.
Қызылорда қаласының тұрғыны.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз