АРДАГЕР АНАЛАР САЙЫСЫ

60

0

АРДАГЕР АНАЛАР САЙЫСЫОблыстық ардагерлер кеңесі меноблыстық денешынықтыру және спорт басқармасының ұйым­дастыруымен №101
орта мектептің акт залында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында дойбыдан әуесқой ардагер аналар арасындағы
аймақтық жарыс болып өтті. Оған аудандар мен қалада ұйымдастырылған жарыстың жеңімпаздары
қатысты. Об­лыс­тық ардагерлер кеңе­сінің төрағасы Сейілбек Шаухаманов өзінің
құттықтау сөзінде аймақтағы ардагерлерге жасалып жатқан жағдай мен көрсетілген
көмектерге жан-жақты тоқталды. Қалада
зейнеткерлердің күндіз демалып, емделуі үшін барлық жағдай жасалған Ардагерлер
үйі жұмыс істейді. Онда ардагерлер
кезектесіп, жыл бойы демалады. Айта кетерлігі, бұл еліміздегі бірден-бір
орталық болып табылады.

– Көптен бері зейнеткерлікке шық­­қан аналарды бір-бірімен жете
таныстыру, жақын араластыру ойымызда жүрген-ді, – деді төраға. – Соның сәті
бүгін түскендей. Айдынды Арал мен қарт Қаратау баурайындағы ардагер аналар
арасында дойбыдан алдымен аудандық,
қалалық жарыстар ұйымдастырдық. Бүгін сол жергілікті жарыс жеңімпаздары осында
жиналды. Сәті түссе, әлі талай жарыстар ұйымдастыру ойда бар. Қадамдарыңыз сәтті, жарыстарыңыз қызықты өтсін.

Ақ жаулықты аналар арасындағы жарыс қызықты әрі тартысты өтті. Қала мен
аудандардан келген жиырмадан астам әуесқойлар арасынан шиелілік Рахила Иманбекова бірінші,
жалағаштық Жұмакүл Шаймағанбетова екінші, шиелілік Толғанай Байкенжеева үшінші
орынды иеленді.

Жеңімпаздарға аймақтық ардагерлер кеңесі мен облыстық денешынықтыру
және спорт басқармасының дипломы менақшалай сыйлығы табыс етілді.Жарысқа қатысушы барлық аналарға облыстық ардагерлер кеңесінің алғыс
хаты мен ынталандыру сыйлығы ұсынылды.

 

Ж.БАЛАБАЙҚЫЗЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз