АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

107

0

«Әлемнің әміршісі – еңбек» деп атап
көрсеткен Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы:
Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты тұжырымдамалық
мақаласында  бүгінгі таңдағы еңбектену
мәселесін бірінші қатарға қояды. Еңбек арқылы бақ-дәулетіңді, атақ-даңқыңды
шығарасың. Еліне қалтқысыз еңбек еткен есіл ерлердің жанкешті ерліктері бүгінгі
буынның бойынан табылу керек. Елбасы өз мақаласында жастарды осыған үндейді.
Қарапайым еңбек адамына құрметпен қарап, мәртебесін арттыру мақсатында  Елбасы Жарлығымен қыркүйектің соңғы
жексенбісі – Еңбек күні болып бекітілген. Осыған орай Ә.Тәжібаев атындағы
облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Әлемнің әміршісі – Еңбек» атты
мерекелік шара ұйымдастырылды.  

Еңбек күні мерекесінің басты мақ­саты –
еңбек адамының қоғамдағы мәр­­тебесін арттыруға, өндірістік қызмет­терге
ынталандыруға, жұмысшы мамандық­тарын насихаттауға және көпжылдық еңбек
дәстүрлерін нығайтуға бағытталған. Сонымен қатар, көпшілікті еңбек ұжымдарының
тыныс-тіршілігімен  таныстырып, озаттары
мен үздіктерінің ізгі жолын, өнегелі қырларын көпке үлгі ету, сол арқылы
адамдарды, жастарды еңбекке баулып, ынталандыру.
Мерекелік шараны жас кітапханашы
мамандардан құралған топ «Жастар. Ең­бек. Келешек» атты флеш-мобпен ашты.
Саналы ғұмырын бір салаға, яғни кітап­хана ісінің дамуына арнаған
ардагер-кітапханашылар  жастарға еткен
еңбектің зейнеті болатыны жайында ұлағатты әңгімелер айтты. Еңбек тақырыбына
өлеңдер оқылып, ән шырқалды. Ша­ра барысында «Ақмешіт» гуманитар­лық-тех­­ни­калық
институты, «Өркениет» меди­ци­­на­лық 
және  «Ұлағат» колледждерінің
студенттері  еңбек тақырыбына арналған
ойын-викторинаға белсене қатысып, ша­ра соңында кітапхана аванзалында
ұйымдастырылған «Бақыттың кілті – еңбекте» атты кітап көрмесімен танысты. Еңбек
күні мерекесі кітапхананың балалар бөлімінде ұйымдастырылатын «Еңбек болашағы»
атты интеллектуалды-танымдық сағат пен көрме-насихат арқылы жалғасын табады.
 
Ә.ТҰРСЫНБЕКҰЛЫ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз