АРЗАН БАҒА ҚАЙДА БАР?

78

0

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ақпараттық-маркетингтік жүйесі арқылы азық-түлік өнімдерінің бағаларына мониторинг жүргізіліп отыр. Нәтижесінде ең арзан өнімдерді қала мен аудандардағы сауда үйлері мен базарларынан алуға болатындығын хабарлаймыз.
Қызылорда.
«Дәмді» әлеуметтік дүкендерінде нан – 50, қант – 230, сары май – 450, өсімдік майы – 320, шай (250 грамм) – 560, жұмыртқа – 25, қарақұмық жармасы – 280, сиыр еті – 1280, тауық еті – 630-670 теңге.
«Мирас» сауда үйінің ауласында орналасқан қоймада картоп – 105-110, пияз – 70-75, сәбіз – 90-95, қырыққабат – 55-60, қызылша 100-110 теңгеден сатылуда.
Арал.
Арал қаласындағы «Жаңа базарда» картоп – 105, пияз – 85, қырыққабат – 60, сәбіз – 100, қант – 210, қарақұмық – 200, «Алтай» базарының жанындағы жеке кәсіпкер Т.Исмайлованың дүкенінде қант – 200, қарақұмық жармасы – 180-210, өсімдік майы – 320, макарон – 115-125 теңгеден сатылуда.
Қазалы.
«Фея перизат» сауда үйінде қант – 230, арпа жармасы – 100, қарақұмық жармасы – 250, өсімдік майы – 340, жұмыртқа – 24, пияз – 90, картоп – 120, сәбіз – 120, қырыққабат – 60 теңгеден сатылса, «Нұр-Дәулет» әлеуметтік дүкенінде күріш – 120-140, өсімдік майы – 340, қант – 240, «Пиала» шайы (250 гр) – 550, макарон өнімдері – 125-140, ұнтақ жармасы – 120, қарақұмық жармасы – 200, құс еті – 650, жұмыртқа – 24, картоп – 110, пияз – 100, сәбіз – 120, қырыққабат – 70, сары май 450 теңгеден саудаға шығарылуда.
Қармақшы.
«Сұлтан» сауда орталығы, «Орда» көтерме сауда орталығы және «Жандос» дүкендерінде картоп – 120-130, сәбіз – 120-130, жуа – 80-90, қырыққабат – 70-80, жұмыртқа – 22-23, ұн 1 сорт – 94-96, нан – 60, тауық еті – 600-640, өсімдік майы – 310-390 теңгеден сатылуда. «Таңсықбай», «Бибінұр» базарларында картоп – 130, жуа – 90, сәбіз – 130, қырыққабат – 80 теңге.
Жалағаш.
«Бәйтерек», «Жібек» базарларында картоп – 120, сәбіз – 120, пияз – 80, ет – 1400, жұмыртқа – 23, қырыққабат – 75, «Ақниет», дүкенінде І сұрыпты бидай ұны – 86, нан – 45, жұмыртқа – 23, өсімдік майы – 325, пияз – 80, сәбіз – 120, картоп – 110, тауық еті – 600, қырыққабат – 75 теңге. «Әзиза» әлеуметтік дүкенінде ұн 1 сортты – 86, өсімдік майы 320 теңгеден сатылуда.
Сырдария.
«Өркен» және «Серікбол» дүкендерінде нан – 50, өсімдік майы – 330-340, қант – 210, картоп – 120, сәбіз – 110, пияз – 70, қырыққабат – 65-70, тауық еті – 620-630, жұмыртқа – 22-23, «Бақытжан», «Нұр» және «Нұрай» дүкендерінде нан – 50, картоп – 130, пияз – 70, қырыққабат – 70, жұмыртқа – 24-25, өсімдік майы – 350, қант – 220 теңгеден сатылуда. «Коммуналдық» базарында ұн 1 сұрыпты – 87, нан – 50, өсімдік майы – 350, картоп – 130, пияз – 70, сәбіз – 120, қырыққабат – 70, қант – 220, тауық еті – 650, жұмыртқа 25 теңгеден тұтынушыға ұсынылуда.
Шиелі.
«Ә.Шорабаев» базарында картоп – 100-130, пияз – 60-80, сәбіз – 80-120, қырыққабат – 50-80, өсімдік майы – 330-370, қант – 192-220, жұмыртқа – 23-25, тауық еті – 580-680, ет кг – 1400, тұз – 40 теңгеден алуыңызға болады. Сонымен қатар, І сортты бидай ұны – 84-100 теңге.
Жаңақорған.
«Нұр» базарында және «Мағжан», «Заңғар», «Сырдария», «Кәусар», «Нұрәділ» және «Нұрасыл» дүкендерінде ұн 1 сорт – 86-96, нан – 50-70, өсімдік майы – 310-400, картоп – 100-130, пияз – 65-80, сәбіз – 100-120, қырыққабат – 60-80, тауық еті – 600-670, жұмыртқа – 21-22, ет 1400 теңгеден сатылуда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз