АРЗАН БАҒА ҚАЙДА БАР?

59

0

Облыстық ауыл шаруашылығы
басқармасының ақпараттық-маркетингтік жүйесі арқылы күнделікті негізгі
азық-түлік өнімдерінің бағаларына мониторинг жүргізіліп отыр. Жүргізілген
мониторингтің нәтижесінде бүгінгі күні ең арзан өнімдерді облыс аудандары мен
Қызылорда қаласының төмендегі сауда үйлері мен базарларынан алуға болатындығын
хабарлаймыз.

Қызылорда
қаласы.
«Дәмді» әлеуметтік дүкендерінде І
сортты бидай ұнының келісі – 54, бір келі қант – 130, ет – 950, картоп – 70,
жуа – 110, сәбіз – 110, қырыққабат – 35, қызылша – 80, қарақұмық – 145, арпа жармасы – 90, сұлы жармасы 135 теңгеденсатылуда. «Мирас» сауда үйінің ауласында орналасқан қоймада бір келі
картоп – 65, жуа – 75, сәбіз – 85, қызылша –70, қырыққабат 55 теңгеден сатылып
жатыр.

Арал
ауданы.
Арал қаласының «Қанағат» базарының жанынан ашылған әлеуметтік орында бір
келі қант – 190 теңге, ал, жеке кәсіпкер Н.Сапарбаевтың дүкенінде картоп 70,
жуа – 90, сәбіз – 110, қырыққабат – 60, өсімдік майының 1 литрі 230 теңгеден
сатылуда.

Қазалы
ауданы.
«Ырыс-Болашақ және К», «Орын-ай» сауда
орындарында жұмыртқа – 18, картоп – 60, жуа – 80, қырыққабат – 40, сәбіз – 85,
өсімдік майы 240-250 теңгеден сатылуда.

Қармақшы
ауданы.
«Бибі­нұр» базары мен «Жандос» дүкеніндекартоп – 70, сәбіз – 90, жуа –70, капуста – 55 теңгеден сатылып жатыр.
ЖК «Ешмұратов», ЖК«Жаппасбаев» дүкендерінде бір келі І сортты бидай ұны 56
теңгеден сатылып жатыр.

Жалағаш
ауданы.
«Ақниет» және «Қаракөз» дүкендерінен І
сортты бидай ұнының келісі – 57, жұмыртқа – 17, өсімдік майы – 230-240, жуа – 80, сәбіз – 90, қырыққабат 70
теңгеден алуға болады. Сондай-ақ, «Әділет» базарында ет 1200 теңгеден сатылып жатыр.

Сырдария
ауданы.
«Серікбол» дүкенінде картоп – 60, сәбіз
– 100, қырыққабат – 50, жуа – 80, қант – 170-180 теңге. «Коммуналдық»
базарында жұмыртқа 18 теңгеден сатылуда.

Шиелі
ауданы.
«Ә.Шорабаев», базарында картоп – 60,
жуа –75, сәбіз – 85, қырыққабат – 40, жұмыртқаның 10 данасын 180 теңгеден алуыңызға болады. Сонымен қатар, І сортты
бидай ұны 57 теңгеден сатылып жатыр.

Жаңақорған ауданы. «Мағ­жан», «Заңғар» және «Нұр­асыл» дүкендерінде
картоп – 55, жуа – 65, қырыққабат – 40, сәбіз – 75, жұмыртқа – 17 теңге, І сортты бидай ұны 57
теңгеден сатылса, сондай-ақ «Нұр» базарында еттің бағасы 1100 теңгеден
сатылуда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз