Арзан баға қайда бар?

47

0

Облыстық ауыл
шаруашылығы басқармасының ақпараттық-маркетингтік жүйесі арқылы күнделікті
негізгі азық-түлік өнімдерінің бағаларына мониторинг жүргізіліп отыр.

Жүргізілген
мониторингтің нәтижесінде бүгінгі күні ең арзан өнімдерді облыс аудандары мен
Қызылорда қаласының төмендегі сауда үйлері мен базарларынан алуға болатындығын
хабарлаймыз.

Қызылорда қаласы. «Дәмді» әлеуметтік дүкендерінде бірінші сортты
бидай ұнының келісі – 54 , қант – 130,
еттің келісі – 950, картоп – 80, жуа – 110, сәбіз – 110, қырыққабат – 45,
қызылша – 80, карақұмық – 145, арпа
жармасы – 90, сұлы жармасы 135 теңгеден
сатылуда.

«Мирас» сауда үйінің ауласында
орналасқан қоймада бір келі картоп – 65, жуа – 70, сәбіз – 85, қызылша – 85,
қырыққабат 75 теңгеден сатылып жатыр.

Арал ауданы. Арал қаласының «Қанағат» базарының
жанынан ашылған әлеуметтік орында 1 келі қант – 190, ал жеке кәсіпкер
Н.Сапарбаевтың дүкенінде картоп – 65,
жуа – 80, сәбіз – 110, қырыққабат – 70, өсімдік майының 1 литрі 230 теңгеден сатылуда.

Қазалы ауданы. «Ырыс-Болашақ және К», «Орын-ай» сауда
орындарында жұмыртқаның 1 данасы 18 теңгеден, картоптың келісі – 65, жуа – 70, қырыққабат – 60, сәбіз – 90,
өсімдік майының 1 литрі 240-250
теңгеден сатылуда.

Қармақшы ауданы.«Бибінұр» базары мен «Жандос» дүкенінде
картоптың келісі – 80, сәбіз – 100, жуа – 70, капуста 70 теңгеден
сатылып жатыр. ЖК «Ешмұратов», ЖК«Жаппасбаев» дүкендерінде І сортты бидай
ұнының келісі 56 теңгеден халыққа
сатылуда.

Жалағаш ауданы. «Ақниет» және «Қаракөз» дүкендерінен І
сортты бидай ұнының келісі – 57, жұмыртқаның 1 данасы– 17 теңгеге, өсімдік
майының 1 литрі – 230-240, жуа – 80,
сәбіз – 100, қырыққабатты 60 теңгеден алуға болады. Сондай-ақ, «Әділет»
базарында еттің келісі 1200 теңге.

Сырдария ауданы. «Серікбол» дүкенінде картоп – 60, сәбіз
– 100, қырыққабат – 50, жуа – 100, қанттың келісі 170-180 теңге. «Коммуналдық»
базарында жұмыртқаның 1 данасы 18 теңгеден.

Шиелі ауданы. «Ә.Шорабаев», базарында картоптың
келісі – 65, жуа –60, сәбіз – 100, қырыққабат – 60, жұмыртқаның 10 данасын 170 теңгеден алуға болады. Сонымен
қатар, І сортты бидай ұнының келісі 57
теңгеден сатылуда.

Жаңақорған ауданы. «Мағжан», «Заңғар» және «Нұрасыл»
дүкендерінде картоптың келісі – 70, жуа – 60, қырыққабат – 70, сәбіз –
100, жұмыртқаның 1
данасы – 17 теңге, І сортты бидай ұнының келісі 57 теңгеден сатылса, «Нұр» базарында еттің келісі 1100 теңгеден
сатылуда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз