Арзан баға қайда бар?

67

0

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ақпараттық-маркетингілік жүйесі арқылы күнделікті негізгі азық-түлік өнімдерінің бағаларына мониторинг жүргізіліп отыр. Жүргізілген мониторингтің нәтижесінде 24 қыркүйектегі төмендегіше бағамен ең арзан өнімдерді облыс аудандары мен Қызылорда қаласының төмендегі сауда үйлері мен базарларынан алуға болатындығын хабарлаймыз.

 

Қызылорда қаласы бойынша «Дәмді» әлеуметтік дүкендерінде І сортты бидай ұны – 54, қант – 130, ет – 950, тауық еті – 395, бөлке нан – 35, картоп – 75, жуа – 90, сәбіз – 100, қырыққабат – 60, қызылша – 80, карақұмық – 145, арпа жармасы – 90, сұлы жармасы 135 теңгеден сатылуда.

«Мирас» сауда үйінің ауласында орналасқан қоймада картоп – 65, жуа – 70, сәбіз – 75, қызылша – 85, қырыққабат 75 теңгеден сатылып жатыр.

Арал ауданы бойынша Арал қаласының «Алтай» базарының кәсіпкері С.Саяновтың дүкенінде қант 180-190, қырыққабат – 80, ал «Қанағат» базарының жанындағы Н.Сапарбаевтың картоп 60-65, жуа 70-80, сәбіз 90-100, күріш 200 теңгеден сатылуда.

Қазалы ауданы бойынша «Ырыс-Болашақ және К», «Орын-ай» сауда орындарында жұмыртқа 18 теңгеден, картоп – 65, жуа – 70, қырыққабат – 70, сәбіз – 90, өсімдік майы 240-250 теңгеден сатылуда.

Қармақшы ауданы бойынша «Бибінұр» базары мен «Жандос» дүкенінде картоп – 80, сәбіз – 100, жуа –70, капуста 75 теңгеден. ЖК «Ешмұратов», ЖК«Жаппасбаев» дүкендерінде І сортты бидай ұны – 56 теңгеден сатылып жатыр.

Жалағаш ауданы бойынша «Ақниет» және «Қаракөз» дүкендерінде І сортты бидай ұны 57, жұмыртқаны – 18, өсімдік майын – 230-240, жуаны – 90, сәбізді – 100, қырыққабатты – 80 теңгеден алуға болады. Сондай-ақ, «Әділет» базарында ет 1200 теңгеден сатылып жатыр.

Сырдария ауданы бойынша «Серікбол» дүкенінде картоп – 70, сәбіз –100, қырыққабат – 70, жуа – 70, қант – 170-180 теңге. «Коммуналдық» базарында жұмыртқа 18 теңгеден сатылуда.

Шиелі ауданы бойынша «Ә.Шорабаев», базарында картоп – 65, жуа – 60, сәбіз – 90, қырыққабат – 60 теңге, жұмыртқаның 10 данасын 170 теңгеден алуыңызға болады. Сонымен қатар,
І сортты бидай ұны 57 теңгеден сатылып жатыр.

Жаңақорған ауданы бойынша «Мағжан», «Заңғар» және «Нұрасыл» дүкендерінде картоп
– 70, жуа – 60, қырыққабат – 70, сәбіз – 90, жұмыртқа – 17 теңге, І сортты
бидай ұны 57 теңгеден сатылса, «Нұр» базарында ет 1100 теңгеден сатылуда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз