АРЗАН БАҒА ҚАЙДА БАР?

59

0

Облыстық ауыл
шаруашылығы басқармасының ақпараттық-маркетингілік жүйесі арқылы күнделікті
негізгі азық-түлік өнімдерінің бағаларына мониторинг жүргізіліп отыр.
Жүргізілген мониторингтің нәтижесінде 24 қарашадағы бағамы ең арзан өнімдерді
облыс аудандары мен Қызылорда қаласының төмендегі сауда үйлері мен базарларынан алуға болатындығын хабарлаймыз.

Қызылорда қаласы бойынша «Дәмді» әлеуметтік дүкендерінде күріш – 185, ет – 950, тауық еті – 395, бөлке
нан – 35, картоп – 80, жуа – 70, сәбіз – 80, қарақұмық – 155, арпа жармасы – 90, сұлы жармасы 135 теңгеден
сатылуда.

«Мирас» сауда үйінің ауласында орналасқан қоймада картоп –
85, жуа – 80 теңге, сәбіз – 85, қызылша – 120, қырыққабат 80 теңгеден сатылып
жатыр.

Арал ауданы бойыншаАрал қаласының «Алтай» базарының кәсіпкері С.Саяновтың дүкенінде қант –
180-190, картоп – 90, жуа – 85-90, сәбіз – 90-100, қырыққабат 80 теңгеден, ал
«Қанағат» базарының жанындағы Н.Сапарбаевтың дүкенінде қант – 180, картоп – 90,
жуа – 80, сәбіз –90-100, қырыққабат –
80, күріш – 200, жұмыртқа 18 теңгеден
сатылуда.

Қазалы ауданы бойынша «Ырыс-Болашақ және К», «Орын-ай» сауда
орындарында жұмыртқа – 18, картоп – 100,
жуа – 80, қырыққабат – 80, сәбіз – 100, өсімдік майы 240-250 теңгеден сатылуда.

Қармақшы ауданы бойынша «Бибінұр» базары мен «Жандос» дүкенінде картоп – 100, сәбіз – 100, жуа – 90,
қырыққабат 80 теңгеден сатылып жатыр.
ЖК «Ешмұратов», ЖК«Жаппасбаев» дүкендерінде І сортты бидай ұны 56 теңгеден сатылып
жатыр.

Жалағаш ауданы бойынша «Ақниет» және «Қаракөз»
дүкендерінен І сортты бидай ұны – 57,
ақталған күріш – 150, жұмыртқа – 18, өсімдік майы – 230-240, жуа – 80, сәбіз – 100, картоп – 90, қырыққабатты 80 теңгеден алуға болады.
Сондай-ақ, «Әділет» базарында ет 1200
теңгеден сатылып жатыр.

Сырдария ауданы бойынша «Серікбол» дүкенінде картоп – 90, сәбіз
– 90, қырыққабат – 80, жуа – 80, қант
160 теңге. «Коммуналдық» базарында
жұмыртқа 17 теңгеден сатылуда.

Шиелі ауданы бойынша «Ә.Шорабаев», базарында картоп – 90,
жуа – 80, сәбіз – 85, қырыққабат – 70, жұмыртқа
10 данасын 170 теңгеден алуыңызға болады. Сонымен қатар, І сортты бидай
ұны 57 теңгеден сатылуда.

Жаңақорған ауданы бойынша «Мағжан», «Заңғар» және «Нұрасыл»
дүкендерінде картоп – 90, жуа – 80, қырыққабат – 75, сәбіз – 90, окорачка –
450, жұмыртқа 15 теңге болса, ЖК «Үсейінов», «Нұраділ», «Сұңқар» дүкендерінде І
сортты бидай ұны 57 теңгеден сатылса, сондай-ақ «Нұр» базарында еттің бағасы
1050 теңгеден сатылуда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз