АРЗАН БАҒА ҚАЙДА БАР?

99

0

Облыстық ауыл
шаруашылығы басқарма­сының ақпараттық-маркетингтік жүйесі ар­қылы күнделікті
негізгі азық-түлік өнімдерінің бағаларына мониторинг жүргізіліп отыр. Жүр­гізілген
мониторингтің нәтижесінде 2 желтоқсандағы бағамен ең арзан өнімдерді облыс
аудандары мен Қызылорда қаласының төмендегі сауда үйлері мен базарларынан алуға
болатындығын хабарлаймыз.

Қызылорда қаласы бойынша «Дәмді» әлеуметтік дүкендерінде күріш –
185, ет – 950, тауық еті – 395, бөлке
нан – 35, картоп – 80, жуа – 70, сәбіз – 80,
қарақұмық – 155, арпа жармасы – 90, сұлы жармасы 135 теңгеден
сатылуда.

«Мирас» сауда үйінің ауласында
орналасқан қоймада картоп – 85, жуа –
80, сәбіз – 85, қызылша – 90, қырыққабат 80 теңгеден сатылып жатыр.

Арал ауданы бойынша Арал қаласындағы «Алтай» базарының
кәсіпкері С.Саяновтың дүкенінде қант 180-190, картоп 90, жуа – 85-90, сәбіз –
90-100, қырыққабат – 80, ал «Қанағат» базарының жанындағы Н.Сапарбаевтың дүкенінде
қант – 180, картоп – 90, жуа – 80, сәбіз – 90-100, қырыққабат – 80, күріш 200,
жұмыртқа 18 теңгеден сатылуда.

Қазалы ауданы бойынша «Ырыс-Болашақ және К», «Орын-ай» сауда
орындарында жұмыртқа – 18 теңгеден,
картоп – 100, жуа – 80, қырыққабат – 80, сәбіз – 100, өсімдік майы
240-250 теңгеден сатылуда.

Қармақшы ауданы бойынша «Бибінұр» базары
мен «Жандос» дүкенінде картоп – 100,
сәбіз – 100, жуа – 90, капуста – 80 теңге. ЖК «Өмірзақов», ЖК «Қармақшы» СТК
дүкендерінде І сортты бидай ұны 56
теңгеден сатылып жатыр.

Жалағаш ауданы бойынша «Ақниет» және «Қаракөз»
дүкендерінде І сортты бидай ұны – 57,
күріш – 150, жұмыртқа – 18, өсімдік майы – 230-240, жуа – 80, сәбіз – 100, картоп – 90,
қырыққабат – 80 теңгеден. Сондай-ақ, «Әділет» базарында ет 1200 теңгеден сатылуда.

Сырдария ауданы бойынша «Серікбол»
дүкенінде картоп – 85, сәбіз –90, қырыққабат – 80, жуа – 80, қант – 160 теңге,
«Коммуналдық» базарында жұмыртқа 17 теңгеден сатылуда.

Шиелі ауданы бойынша «Ә.Шорабаев» базарында картоп – 95, жуа
–80, сәбіз – 95, қырыққабат – 75, жұмыртқаның
10 данасын – 170 теңгеден алуыңызға болады. Сонымен қатар, І сортты
бидай ұны 57 теңгеден.

Жаңақорған ауданы бойынша «Мағжан», «Заңғар» және «Нұрасыл»
дүкендерінде картоп – 90, жуа – 80, қырыққабат – 80, сәбіз – 90, тауық еті –
450, жұмыртқа – 15 теңге болса, ЖК «Үсейінов”, «Нұрәділ”, «Сұңқар” дүкендерінде
І сортты бидай ұны 57 теңгеден сатылса,
«Нұр» базарында ет 1050 теңгеден сатылуда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз