АҚШАБҰЛАҚ ҚҰМДАРЫНДАҒЫ ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК

55

0

АҚШАБҰЛАҚ ҚҰМДАРЫНДАҒЫ ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКЖергілікті өңірде мұнай өндіру ісімен айналысатын «ҚазГерМұнай БК» ЖШС аймақтың көркейту-көгалдандыру жобаларына бел­сен­ді түрде атсалысып келеді. Қуа­ныштысы, серіктестік бұл игі істерін жақсы дәстүрге айнал­ды­рып, өздерінің негізгі міндетінің бі­рі ретінде санайды. Қысқасын айт­қанда, мұндай шараларды олар компанияның брендтік жұмысы деп бағалайды.

Қызылорда қаласындағы «Шұ­ғы­ла» шағын ауданының тұр­ғындары осындай игілікті істің куәгері болды. Аталмыш компания оларға субұрқақ, жарықшамдар, спорттық құрал-жабдықтар қой­ыл­ған көрікті скверді тарту ет­ті. Шағын аудан тұрғындары «Қаз­ГерМұнай» БК» ЖШС бас дирек­торы, облыстық мәслихат депутаты Медет Кәрімге осындай өтінішін білдірген еді. Бұл өтінішке мұнай­шылар бей-жай қарамастан көп ұза­май сәулеті мен келбеті келіскен сквер­ді жұртшылыққа сыйға тарт­ты.

АҚШАБҰЛАҚ ҚҰМДАРЫНДАҒЫ ЖАСЫЛ ЖЕЛЕККомпания мүшелері өздерінің қызметкерлеріне де осындай тарту етті. Кәсіби мерекесі – мұнайшылар күні қарсаңында «Ақшабұлақ» ке­ні­шінде жұмысшылардың демалы­сына арналған арнайы орын бой түзеді. Онда түнгі уақытта жарық шам жанып тұратын субұрқақтар, орындықтар және өзге де дүниелер қойылған. Көктем және күз мез­гілдерінде аталған аумаққа сая­лы ағаштар мен көгалдар отыр­ғызылып, бұл жер жасыл желек­ке бөлене түседі. Осылайша Ақ­ша­бұлақтың құмды даласында алыс­тан «менмұндалап» тұрған оазистің пайда болғанына көз жеткізуге то­лық мүмкіндік бар.

Мұндай шараларды аймақтың мұнай өндіру саласында отыз жыл­дан астам уақыттан бері ешкім көр­ген емес. Еліміздің бірқатар өңірлерінде «қара алтынға» түрен тигеніне қаншама жылдардың жүзі болса да, осындай субұрқақ пен анфилады бар парктер салына қоймағаны белгілі. Сондықтан мұ­най­шылар аталмыш игілікті істі еліміз бойынша тұңғыш мәрте қол­ға алып отыр деп айтуға болады.

Аталмыш жобаны «Абзал және К» ТС компаниясы жасап
шықты. Олар «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС-ның бұрыннан келе жатқан сенімді серіктестігі
саналады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз