АССАМБЛЕЯНЫҢ АУҚЫМДЫ БАСТАМАСЫ

46

0

Өңірімізде ҚР Тәуелсіздігінің
25 жылдығы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен Ел – Үлкен Отбасы»
жалпыұлттық жобасының негізгі мақсаты кеңінен насихатталып,
түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Осы орайда«Нұр Отан» партиясының Арал аудандық филиалы ғимаратында аталған жобаның
мақсаты мен міндетін талқылауға арналған жиын болып өтті.

Оған «Қоғамдық
келісім» КММ басшысының орынбасары Р.Ахметова, аудан әкімінің орынбасары
Ж.Әлішева, аудандық Қоғамдық келісім
кеңесінің төрағасы Н.Оспанов және Аналар кеңесінің төрайымы Ә.Мукаримова,
ұлттық этно-мәдени орталықтарының белсенді мүшелері қатысты.

Алдымен сөз алған
Рахима Ахметова жобаның маңыздылығына
тоқталып өтті. Сонымен қатар «Үлкен Ел – Үлкен Отбасы» жалпыұлттық жоба­сының
іске асырылу барысы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының алдағы уақыттағы ауқымды жобалары турасында
айтып берді.

Сондай-ақ, жиын барысында«Қоғамдық келісім» КММ-нің Арал ауданындағы этносаралық қатынастар
жөніндегі сарапшысы Е.Қалыбаев, Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Н.Оспанов
және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Арал аудандық бөлімінің басшысы
Ә.Ізбасаров Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында аудан көлемінде атқарылған
жұмыстар төңірегінде әңгімеледі. Одан
әрі шарада қатысушылардың ұсыныс-пікірлері де назардан тыс қалмады. Мұнан кейін
алдағы уақытта 5 институттық реформаның 4-ші «Біртектілік пен бірлік» бағыты
бойынша аудан көлемінде жүргізілетін
жұмыстардың жоспары талқыланды.

Жиын соңы аудандық мәдениет үйінде жалғасты. Онда «Қазақстан
– көпұлтты мемлекет» атты кеш тамашаланды. Бір топ белсенді азаматтар
марапатталды.

Сара АДАЙБАЕВА.

Арал ауданы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз