Ата Заң – жарқын болашағымыздың кепілі

50

0

Кеңес жүйесі тараған соң, 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз қа­зақ
мемлекетінің тұңғыш Конс­титуциясын Жоғарғы Кеңес бір­ауыздан қабылдады. Ал,
1995 жы­лы 30 тамызда Бүкiлхалықтық дауыс беру негiзiнде қазіргі қол­­даныстағы
Конституция қа­был­­данды. Еліміздің соңғы 19 жылда жеткен жетістіктері осы
Конституцияның және оның негі­зінде қабылданған заң­нама­ның нақты нәтижелері.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, «Конституция
біздің бостандықтарымыздың негізіне айналды. Ол бізге тәуелсіздік алып келген
жеңістеріміздің, біз­дің тапқан табыстарымыздың бү­­кіл кешенін баянды етті».
Қас­терлі құндылықтарды бұл­жытпай орындаудың нәти­же­сінде қысқа мерзімде
мемле­кет егемендікті тұғырлы етіп, мызғымас тәуелсіздікті орнат­ты. Ата Заң
тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың кепілі ре­тін­де Отанымыздың бірлігін бе­кемдеп,
елдегі тұрақтылық пен та­тулықтың берік тұтқасы болды. Жаңа Конституция
қабылдау ар­қылы Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты.

Президент Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаев «біздің Конс­титуцияның
бізге берген ең басты құндылығы – таңдау құқығы, басқаша айтқанда, өз өміріңнің
қо­жасы болуы кез келген қа­зынадан бағалы» дей келе, мем­лекеттік биліктің
қайнар көзі ха­лықтың өзі екенін айқындады. Себебі, Қазақстан Республикасы өзiн
демократиялық, зайырлы, құ­қықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырды.
Ал, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен
бостандықтары деп айқындалды. Конституцияда Республика қыз­метiнiң түбегейлi принциптерi
ре­тінде қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкiл халықтың игi­лiгiн
көздейтiн экономикалық да­му, қазақстандық патриотизм, мемлекет өмiрiнiң аса
маңызды мәселелерiн демократиялық әдiс­термен, оның iшiнде респуб­ли­ка­лық
референдумда немесе Пар­ламентте дауыс беру арқылы шешу белгіленді.

Осылайша, Ата Заң мемлеке­тіміздің қуатына айналды.
Әрбір азаматы өзін тең сезінетін, тату­лығы жарасқан қазақ елінің, Қа­зақстан
халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі-өнеге. Конституцияда
ешкiмдi жынысына, нәсiлiне, ұл­тына, тiлiне, дiнге көзқарасына жә­не басқа да
жағдаяттар бойынша кемсiтуге тыйым салынған. Мұ­ны­мен бейбітшілік пен тұрақ­ты­лық,
барлық халықтың игі­лі­гіне экономикалық даму се­кіл­ді басты конституциялық
қағи­даттар қамтамасыз етіледі. Конс­титуцияның негізінде зама­науи мемлекеттік
механизм жә­не құқықтық жүйе құрылды, ти­імді экономиканың іргетасы қа­ланды,
адамның құқықтары мен бостандықтары қамтамасыз еті­леді. Ең бастысы, біздің
басты игілігіміз – бейбітшілік пен тату­лық мызғымайды.

Ата Заңымыздың жетістіктері­нің бірі – адам құқығы
толық ес­керілмеген, қорғалмаған деклара­циялардан бас тартуы. Ата Заң­ның
«Адам және адамзат» де­ген бөлімінде бекітілген бар­лық заң­дар егжей-тегжейлі
қарас­ты­рылған. Ондағы заңдар адам өмі­рінің күнделікті өмірінде қолданысқа
ие. Ата Заңның негізгі ма­ңызын айтатын болсақ, дамыған демократиялық
мемлекеттерде бір­де-бір адам өзінің құқығы мен бостандығын Ата Заңсыз елес­тете
алмайды. Басқаша айт­қанда, олар күнделікті өмірде өз­дерінің құқығы мен
заңдарын қор­ғау үшін Конституцияда бекі­тілген заңнамаларға жүгінеді.
Конституция осылайша халыққа қызмет етіп, олардың тірегіне ай­налады. Адамның
құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын Конс­титуцияда екі маңызды тә­сіл
бекітілді: сот арқылы және әкімшілік.

Бірінші кезеңде бұл өз құқық­тары мен бостандықтарын
сот ар­қылы қорғалуына құқығы. Құ­қықтық мемлекет жағдайында тәу­елсіз сот
адамның құқығын қор­ғауының негізгі құралы бо­лып табылады. Еліміздің Конс­титуциясы
азаматтардың сот төре­лігіне еркін қол жеткізуін белгілеп, әрбір азамат өзінің
құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауына кепілдік береді. Және де Ата
Заңымыздың VII бөлімінде соттар мен сот төрелігі жайлы ай­тылған. Конституция
бойынша еге­мен елімізде сот жүйесі мем­лекеттік биліктің бір тармағы бо­лып
танылады. Осының өзі сот­тың ерекше маңыздылығын нақты айшықтайды.

Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана
жүзеге асырады. Сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi соттың қызметiне қан­дай да
болсын араласуға жол берiлмейдi және ол заң бой­ынша жауапкершiлiкке әкеп со­ға­ды.
Нақты iстер бойынша су­дьялар есеп бермейдi. Судья сот төрелiгiн iске асыру
кезiнде тәу­елсiз және Конституция мен заң­ға ғана бағынады. Сондай-ақ,
79-бапта «Судьяны тұтқынға алу­ға, күштеп әкелуге, оған сот тәр­тiбiмен
белгiленетiн әкiмшiлiк жа­за­лау шараларын қолдануға, қыл­мыс үстiнде ұсталған
немесе ауыр қылмыс жасаған реттердi қос­пағанда, Республика Жоғарғы Сот
Кеңесiнiң қорытындысына не­гiзделген Қазақстан Республикасы Президентiнiң
келiсiмiнсiз не Конс­ти­туцияның 55-бабының 3-тармақшасында белгiленген жағ­дайда,
Сенаттың келiсiмiнсiз қылмыстық жауапқа тартуға бол­майды» деп судьялардың мәр­тебесі
көрсетілген. Ал, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қа­­зақстан
Республикасындағы сот­тар мен судьялардың мәртебесі ту­ралы» Конституциялық заң
күші бар Жарлығы соттар қызметінің негізгі қағидаларын, соның ішін­де
судьялардың құқықтық жә­не әлеуметтік кепілдіктерін айқын­дап берді.

Сот жүйесінде сот ақпаратта­рын тіркеуде қазіргі
заманғы же­тік техникалық құралдарын ен­діру, осыған байланысты ке­ліп түскен
барлық істер тек ком­пьютер арқылы судьяларға бө­ліне отырып, оларды бірыңғай
автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесіне күнделікті ен­гі­зу дамып келеді.
19 жылда сот жүйесінде ашықтық пен жария­лылық алдыңғы қатарға шықты. Мәселен,
бүгінде Қызылорда об­лыстық сотының сайтында сот за­лында қаралатын істердің
тізімі жарияланып, ашық өтетін сот оты­рыстарына бұқаралық ақпарат құралдарының
өкілдерінің қаты­суына шектеу келтірілмейді. Сон­дай-ақ, ай сайын облыстық,
аудандық және оған теңестірілген соттарда тұрақты түрде «Ашық есік күндері»
өткізіледі. Онда сот төрағалары мен судьялары ке­лу­шілердің көкейінде жүрген
сау­алдарына заңи тұрғыдан жауаптар береді. Еліміздің конституциясын негізге
ала отырып, халықтың өз құқықтары түсіндіріледі. Соны­мен қатар, Қызылорда
облыстық соты жыл сайын Қазақстан Рес­публикасының Конституция кү­нінде
салтанатты жиналыс өткізіп, іс-шара барысында сот саласына еңбегі сіңген
судьялар мен сот қызметкерлерін марапаттап, жи­ын соңын мерекелік концертке
ұластыруды үрдіске айналдырған.

Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының
бір­лі­гіне жол бастаған Ата Заңда бе­кітілген республикамыздың тұ­ғырлы
қағидаттары бүгінде өзі­нің өміршеңдігін дәлелдеп отыр. Қазақстан халықаралық
қоғам­дастықта лайықты орын алып, биік белеске көтерілді. Әрбір қа­зақстандық
келешекке керуен тарт­қан мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі – Конс­титуцияның
мемлекет пен қо­ғам үшін ғана емес, өзінің же­ке басы мен отбасы үшін де ма­ңыздылығын
терең се­зінді.

Әлемдік деңгейдегі беделі­міз­дің айқын көрінісі,
жарқын болашағымыздың кепілі бол­ған Ата Заң күнімен бар­ша қа­зақ­стандықтарды
құттықтай­мын!

Нұрлан ҚАЙЫРБЕКОВ,

Қызылорда облыстық сотының
төрағасы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз