АТА ЗАҢ ЖӘНЕ БІЗ

56

0

Күнделікті тірлігіміздің әрбір
тіні еліміздің Ата Заңының аясында оң шешімін тауып, қандай да бір
жетістіктерге жетуге септігін тигізіп жататыны жасырын емес. Яғни, мұндай игілікті істердің Қазақстан Республикасының Конституциясынан
бастау алатыны белгілі. Оны кім қалай түсінеді? Осы ретте бірнеше мамандық
иелерімен пікірлескен едік.

Жұмабек ӘМІРБЕКҰЛЫ, қызылор­далық
жеке кә­сіпкер:

– Жеке кәсіпкерлікпен айналысқаныма он шақты жылдың
жүзі болды. Кеңестік кезеңде автокөлік мекемесінде жүргізуші болдым. Кейін
нарықтық қатынастарға орай жеке тірлік жасауды қолай көрдім.

Конституцияның 24-бабы, 1-тарма­ғын­да «Әркімнің еңбек
ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін таңдауына құқығы бар” деп көрсетілген.
Дегенмен, кәсіпті таңдау – жартылай іс, бастысы – нәтиже.

Қазір иелігімде бес-алты ауыр жүк көліктері бар.
Демек, осынша жүргізушіге нәпақа тауып беріп отырмын. Жүк көлігі болған соң
жұмыс табу оңай емес. Өңірдегі мұнай-газ саласының мекемелерімен ке­лі­сім-шарт
бойынша жұмыс жасап жа­тырмыз. Шүкір, кәсібімде нәтиже бар.

Жәнібек МОЛДАБЕК, Қызылорда
көлік прокурорының аға көмекшісі:

– Қазіргі қолданыстағы Ата Заңымыз­дың басты құндылығы
– республиканың өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік деп
жариялауымен қа­тар, өзінің ең қымбат қазынасы – халық еке­нін айқындап берді.
Өйткені, адам және адамның өмірі, құқықтары мен бос­тандықтары сияқты өмірлік
маңызы зор міндеттердің реттелуі үнемі Ата Заңымен ұштасып жатады.

Әрбір мәдениетті, білімді халықтың саналы азаматтық
деңгейін көрсететін нақ­ты өлшемдердің бірі – халықтың өзін­­дік құқығы мен төл
заңдарының бо­луы. Қыраны көкке самғап, туы биікте желбіреген тәуелсіз
еліміздің Ата Заңы адамзат баласының жүздеген жылдар бойы қалыптасқан
құндылықтарын бойына сі­ңірді. Қазақстан Республикасының Конс­ти­туциясы
бабалардың даналығы мен қа­зіргі заманның рухын бірлестіріп, үй­лестірген,
жүзден аса ұлттар мен ұлыс­тардың тегіне қарамастан бекіткен құжат болды.

Конституция аясында қабылданған көп­теген заңдар
қоғамдық өмірдің әр са­ла­сында тиімді қолданылып, ел тыныш­тығы мен ұлт
бірлігінің бекуіне ықпал етті, экономиканың өрлеуі мен халықтың әл-ауқатының
жақсаруына жол ашты. Өз басым Ата Заңымызды елдің жарқын болашағының кепілі
ретінде қастерлеймін және оның талаптарын бұлжытпай орын­дау арқылы қоғамның
өркендей беретініне сенімдімін.

Орынбай ӘБДІКЕРОВ, Арал ауда­нындағы
№19 орта мектептің мұғалімі:

– Қазақстан Республикасының Конс­титуциясындағы
саяси-әлеуметтік және құқықтық міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған мақсаттар
тәуелсіз Қазақ елін­де қай салада болсын жемісті жүзеге асы­рылуда. Бүгінгі
таңда саясаты сал­мақты, экономикасы еңселі, халқы тату елі­міз Ата Заңның
аясында өркениетті ел­дермен терезесі тең өмір сүруде. Әсі­ресе, мемлекетімізде
азаматтардың, яғни, Ата Заңымыздың арқасында барлық аза­маттың толық та сапалы
білім алуына жағдай жасалған.

Соңғы жылдары еліміздің білім са­ласы оң өзгерістермен
ерекшеленуде. Со­ның бір дәлелі, қазір елімізде заманауи та­лаптарға сәйкес
келетін жаңа білім бе­ру ошақтарының көбейіп жатқандығы. Дәстүрі берік өзім
еңбек ететін мектепте де оқушылар жаңаша оқу әдісімен білім алуда. Пәндік
кабинеттердің барлығы сұ­раныстарға сәйкес келеді. Жыл сайын ұс­таздардың
кәсіби шеберлігін шыңдау ба­ғытындағы жұмыстар да оң жолға қой­ылған.
Шәкірттерге сапалы білім мен саналы тәрбие беру ісінде бүгінге дей­ін жеткен
жетістіктеріміз де аз емес. Өс­келең ұрпаққа тәрбие беру ісіндегі мұн­дай
жетістіктер біздерді, ұстаздар қауы­мын, алдағы күндері атқарылар іс­тер­дің
нақты бағытын айқындап, күш-қай­ра­ты­мызды жігерлендіре түседі. Мі­не, Ата
Заңымыздың арқасында қол жет­кі­зіп жатқан жақсылықтарымыздың бір мысалы
осындай.

Сауалнаманы жүргізген Бақтыбай СМАЙЫЛҰЛЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз