“ҚАТТЫАҒЫСТАН” ШЫҚҚАН ҚАҺАРМАН

117

0

“ҚАТТЫАҒЫСТАН” ШЫҚҚАН ҚАҺАРМАН

Әбу Сәрсен­баевтың «Сен, құрмет­теоны»атты өлеңін балакүніміз­ден жаттапөс­тік. Жеңісмерекесі қар­саңында жиіоқылатын осы жыркөз алдымызға балдаққа сүйенгенба­тырды елестетер еді. Бәлкім, әкемде соғыс ардагері бол­ғандықтаншы­ғар Жеңіскүнін от­басымызбен асы­ғакүтетінбіз.Бұл ме­рекедеөзге­лер тәрізді біздіңүйден де қонақарылмайтын.Омырауы орден-медаль­ға толы әкемнің замандастары дастар­ханда бас қосушы еді.
Өткен-кеткенді қозғап әңгіме шертетін. Кейде көзде­ріне жас алып қамығып
қалатын кездері де болады. Шіркін, балалық-ай. Ондайда дардай кісілердің жас
балаша босағандарына сырттай күліп мәз болатынбыз. Олардың жан сырын есейгенде
ұқтық. Бұл қандыкөйлек қарулас серіктерді, жат жерде жер құшқан қыршын
боздақтарды аңсау екен. Ауылға барған сайын сол көрініс санама оралады. Менің
де алқымымды өксік буады. Аға буынға
қаншалықты қарыздар екенімізді ұғына түсемін. Қазіргі мезетте Ұлы Отан
соғысы ар­дагерлерінің қатары қатты
селдіреп қалғаны белгілі. Көзі тірілері елдің ай­баты – мақтанышы болып жүр.
Осын­дай санаулы майдангердің бірі – Шәкен ауылының тұрғыны Әбжами Алмахов
көкеміз.

Олар төртеу еді.
Яғни, ағайынды төрт жігіт болатын. Шетінен шыңға ұмсынған қарағайдай тұлғалы-тұғын. Алға қойған мақсаттары да
айқын еді. Бір шаңырақтан өрген төртеудің тату-тәтті тірлігін өзгелер үлгі
қылып айтудан жалықпайтын. Әттең соғыс атты дүрбелең сол ізгі арманға тұсау салды. Ел басына күн туған сын
са­ғатта Алмаховтар түгел майданға ат­танды.
Әбжамидің өзімен тетелес аға­сы хабар-ошарсыз кетті. Арыстай азаматтың ешбір
дерексіз кетуі қандай өкінішті. Алланың жазуына не шара?! Қалғандары
толарсақтан қан кешіп елге оралды.

Әбжами Арықбалық
ауылында дүниеге келді. Кіндік қаны тамған Иланды, Қаттыағыс оған жердің жан­натындай
сезіледі. Соғыс басталар қар­саңында жетіжылдық мектепті та­мам­дады. Не істеу
керек? Ойлана келе білімін тереңдетуді ұйғарды. Ол тұста Қазалыда техникум бар
болатын. Анау-мынау емес, танымал білім ор­дасы саналады. Әбжами құжатын тап­сырды.
Сынақтан да сүрінбеді. Бір күні оқу ордасына аудан басшысы Се­гізов келді.
Мұғалімдермен тілдес­ті. Студенттердің сабағына кірді. Жина­лыс жасады.
Құжаттармен танысты. Кетерде техникум директорына Әбжами мен тағы бір баланы
ертеңіне өзіне жіберуді тапсырды. Аудан басшысы шақырғанда қобалжымай көр. Айтылған мерзімде жетіп барған екеуді ел
ағасы ізетпен қарсы алды. Мән-жайды түсіндірді. Ауылдардан, ұжымшарлардан
түскен хаттарда есеп жоқ. Соларды сұрыптап, тиісті жауап қайтару қажет екен.
Жауапкершілігі мол шаруаға екеуін лайықты көріпті. Осылайша табан астынан
Сегізовтің көмекшісі атанды. Жұмыс бастан аса­ды. Кейде тамақтану, тынығу деген
ұмыт қалады. Мұнда да Әбжами бел­сен­ділігі, ұқыптылығымен жақсы қы­рынан
танылды.

Сонымен 1942 жыл
да жетті. Қа­қаған қаңтарда Әбжами соғысқа ат­танды. Алғашқыда Оралда әскери да­яр­­лықтан
өтті. Әлденеше ай ма­шық­танып бөлімге түсті. Атақты Ста­линград қаласын
қорғауға қатысты. Осында қаланы қорғаушылардың тең­дессіз ерлігіне қанықты.
Қанның сел­дей аққанын, үзім нанның адам өмі­рімен тең болғанын көзбен көр­ді.
Соғыс даласынан фашист басқыншы­ларының қару-жарақ, техникаларын тастап
қашқандарын, тұтқын болып қолға түскендеріне куә болды. Әбе­кең­нің майдандағы
жорық жолы Ха­рь­ков бағытына ұласты. Бірнеше мәр­те марапаттар иеленді.
Кеудесіне жар­қы­ратып медаль тақты.

Қыркүйекте
Әбжами жарақатта­нып госпитальға түсті. Есін тұтас тәу­ліктен кейін жинады.
Өзін Жарат­қанның бұйрығымен қалың өрттің ортасында аман қалған жалғыз қауыр­сын
сияқты сезінді. Шынымен де солай еді, жаңбырша жауған оқтан аман қалу дегенің
кез келгеннің тәлейіне бұйыра бермейтін. Қарулас талай жігітті қор­ғасын оқ
жұлып түсіргенін ойласа көкірегі қарс айырылады. Тыл деген аты ғана. Мұнда да
тынымсыз неміс ұшақтары күндіз-түні бомбалап маза бермейді. Жарылған мина,
атылған оқ тыным таптырмайды. Әлденеше аптадан соң мұны Ақтаудағы, сәл кей­ін
тау арасындағы госпитальға ау­ыстырды. Ақыры әскери сапқа жа­рам­сыз деп
танылды.

Әбжами құтты
қонысымен сағына қауышты. Ауылда бала-шаға, қарттар ғана қалыпты. Елдің
жағдайын байқап жәрдем жасауды жөн санады. Бел шеше еңбек етті. Сүт фермасына
сүт жинаушы болды. Меже биігінен та­былды. Егіс екті. Басшылар сенім ар­тып
бригадирлікке жоғарылады. Мал шаруашылығына ойысты. Тағы да өзгелерден оза
шапты.

Алып бәйтеректей
Әбжами ата өмір­лік жары Айниет анамызбен бірге ұл-қызына тағылымды тәрбие
сіңірді. Немере-шөбере сүйді. Қарт майдангер қабырғалы елінің амандығын, зеңгір
көкті соғыс өрті шарпымауын тілейді.

 

Жұмабек
ТАБЫНБАЕВ.

Қазалы
ауданы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз