Айтары бар Айталы

94

0

Бүгіндері жетпістің бесеуіне
келген, философия ғылымдарының докторы, Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік
университеттің құрметті профессорыАмангелді Әбдірахманұлы Айталыазаматтығы ғалымдығын айқындаған көрнекті қоғам және мемлекет
қайраткері. Ол сонау студенттік кезден ұлтаралық қатынастар проблемаларымен
жүйелі айналысып, 1968 жылы диссертация қорғап, философия ғылымдарының
кандидаты, 1988 жылы Мәскеуде философия ғылымдарының докторы болды. Осы тақырыптағы
алғашқы сүбелі еңбегі «Ұлттану» атты оқулығынан бастап А.Ә. Айталы «Ұлт мұраты:
депутат көзқарасы» (2003ж.), «Байсалды ел байқаусыз қате жібермес» (2008ж.),
«Қазақты намысы қамшыласын» (2009ж.), «Ұлт пен дін – тәуелсіздік арқауы, Нация
и религия – основы независимости» (2013 ж.) атты кітаптарында ұлт және
ұлтаралық қатынас мәселесін тұрақты әрі жан-жақты зерттеп келеді.

Бүкіл түркі әлемінің ұлы
перзенті Мұстафа Шоқай зиялы қауым туралы ой қозғай отырып, оның ең бірінші
артықшылығы ұлттың мүддесін өз мүд­десінен жоғары қоя алғанында деген екен.
Айталының осы бағыттағы ұмтылысы жеміссіз емес. Ол қазіргі Қазақстанның қандай
бір өзекті мәселесін сөз етпесін, әр уақытта ұлтының, еліміздегі басқа да этнос
өкілдерінің мүддесін көздеп отырады. Оның пікірінше, «ұлт саясаты тек қазақ
саясат емес, қазақ өз мүддесі үшін атасы басқаның арасынан дау шықпауын, ауылы
басқаның арасынан жау шықпауын ойлайды». Бұған Елбасының: «Қазақ ұлтының өз
мәдениеті мен тарихын, ұлт­тық төлтума болмысын жаңғыртуға деген ұмтылысына
Қазақстанның басқа ұлттары азаматтарының тарапынан құр­мет­пен қарау елдегі
тұрақтылықтың стра­­тегиялық негі­зі және адамдар арасын­дағы сенімнің фак­торы
болып табылады» деген ой-тұ­жырымын (Назарбаев Н.Ә. Бейбітшілік және келісім саясаты. Астана: Елорда, 2008,
109-110-бб.) негіз етіп отыр.

Амангелді Айталы
қоғамымыздағы демократия, Парламенттің қызметі, көп партиялық жүйе, БАҚ,
мәдениет, тіл, дін, т.б. мәселелердіңқайсыбірін сөз етпесін анадайдан атойлап ұлт мүддесі тұрады. Және оған барын салады, парасатты пайыммен, әдемі,
байсалды баяндайды. Уақыттың тарлығынан
кейбір мәселелерге ғана тоқтай кетейік.

Рас, демократия – бір елден екінші елге аудара салатын
технологиялық жоба емес. Демократияны сынаушылар да бар, тіпті Англияның көп
жылдар Премьер-Министрі болған Уинстон Черчильдің айтқанындай, «демократияның
көп кемші­лігі бар, бірақ оның құндылығы сонда – бұдан артықты бүгінге дейін
ешкім ойлап тапқан жоқ». Шындап келгенде, «демократия» ұғымының тіпті кінәсі
жоқ, әңгіме әр елдің басшының демократияны халық игілігіне пайдалана білу
өнерінде жатыр.

Ұлт мәселесін әңгіме еткенде мемле­кетіміздің де
кемеліне келмегендігін, ке­шегі патшалық Ресей кезінде, кеңестік заманда да өз
алдына ерікті ұлт болып қалыптаса алмағанымызды ескерген жөн. Кеше де, бүгін
де халқымыз арасында, әсіресе, жастар
арасындағы еліктеушілік факторларды осымен де түсіндіруге бо­ла­ды. Сол
себептен де мемлекеттік мәр­тебеге ие болған қазақ тілін меңгеру қа­жеттілігі
елде толық мойындалмай тұр.

Ғалым бұдан шығар жолдарды ұсына­ды. Оның біреуi –
ұлттық намыс, тілге де­ген әлеуметтік қажеттілік. Екінші – мем­лекеттік тілді
қызметке тұрудың қа­жетті шартына айналдыру. Үшінші – әлем­дік тәжірибеге
сәйкес Қазақстанның азамат­тығын аламын дегенге қазақ тілін білу талабын қою.

Қазір қазақ сан жағынан да, сапа жағынан да өзгеріп
келеді. Бі­рақ жаһанданудың қаупі күшті. Бұл – орыс­танудың, батыстанудың,
америка­ланудың қаупі. Қазір білім, мемлекеттік қызмет және тағы басқа жүйелер
еуропаландыру деген саясат қарқынды жүріп жатыр. Өркениеттен біздің ел тәуелсіз
еліміз сырт қалмауы қажет. Адамзаттың ойлап тап­қаны біздің халық үшін де жат
емес. Әңгіме сол батыстық тәжірибелерді ұтым­ды пайдалана білуде болып отыр.

Соңғы кездері Амангелді Айталының зерттеулерінің
ерекше бір бағыты – еліміз­дегі дін мәселелері. Бұған өзі қызмет ететін жоғары
оқу орны басшылығының арнайы зертхана ашып бергені көп қолдау болып тұр. Соңғы
кітабын «Ұлт пен дін – тәуелсіздік арқауы» деп атауы да осыдан. Жинақтағы дінге
қатысты мақалалар өзінің соны зерттеулерімен,пайымдылығымен, парасатты ой толғаныстарымен қызықты.

Автордың ойынша, бүгінгі ислам дінін жаһанданусыз
түсіну мүмкін емес. Бұл арада Елбасымыздың «Бүкіл дүние жүзінде миллиардтаған
адамдардың технологиялық жаңалықтарға бейімделу қиындығы, жаһандық рыноктың
қатал талаптары салдарынан адамзаттың діни ақиқатқа жаппай оралуы жүрді» деп,
ХХІ ғасырда діндердің аса зор рухани қызмет атқарып отырғандығына көңіл
аударуды да, Елордамызда әлемдік діндердің бас қосуына мұрындық болып жүргені
жайдан-жай емес.

Ислам діні мен ұлттық құндылықта­рымызды ажырату мүмкін емес. Себебі сол ұлттық
құндылықтардың терең тамыры да осы исламдық адамгершілік пен имандылық рухтан
нәр алып келеді. Алайда бүгінгі әлемдік
сапырылыста мұсылмандығымыздың саны да сапасы да күрделі өзгеріске ұшырап отыр.
Қазір өзінің ата дінінен жеріп, басқа діндердің шашбауын көтеріп жүргендердің,
әсіресе жастардың тағдыры зиялы қауымымызды ойландырып отырғаны шындық.

Дінге деген әлі жетіле қоймаған мемлекеттік көзқарас негізінен ұлттық саясатпен айқындалады. Ғалымның «Қазақ
ұлты мемлекет құраушы ұлт ретінде елдегі тұрақтылыққа, татулыққа тарих пен ел
алдында қандай жауапты болса, қазақ еліндегі әрбір ұлт пен дін мемлекетке,
мемлекеттік тілдің тағдырына соншалықты жауапты екенін түсінетін уақыт жетті»
деуі негізсіз емес.

Ұлттық мәселені ешуақытта діннен бө­ле қарауға
болмайтыны белгілі. Дін – ұлттық белгініңерекше түрі ғана емес, оның рухани мазмұны. Амангелді Ай­та­лының әлемдік діндерге,
әсіресе оның ішінде исламға қатысты ойлары өзінің парасатты пайымдылығымен, то­лымды
толғаныстарымен қызғылықты. Мұсылман діні – ұлттық мәдениетіміздің, салт-дәстүріміздің әлеуетті
тірегі. Егер соңғы үш жүз жылдай отарлықтың бар қасіретін, кеңестік қырғынның
талай ой­ранын көріп, бірақ беріспей бүгінгі күнге аман-есен жетсек, ол біздің
дін­нің де арқасы екені айқын. Дін тек ұлт­ты рухани таным, мәдени дәстүрлер не­гі­зінде
ғана біріктіріп қоймай, бұқа­ра ха­лықты әлеуметтік негізде де бірікті­ре­тінін
айта отырып, автор ойын: «Біз­дің заманымыздың маңызды талабы өр­кениеттер
арасындағы ынтымақтастық пен өзара байланыстарды қолдау, әсіресе дінаралық
қарым-қатынастарды ізгілік жолына, өзара сыйластыққа, толе­рант­тылыққа
тәрбиелеу, зорлық-зомбылық, күш қолданудан бас тартып, бейбіт, пара­сат
арнасына бейімдеу болып отыр» деп түй­індейді.

Қазақтың ұлттық құндылықтары ту­ра­лы сөз қозғағанда
А.Айталыны ерек­ше толғандыратын мәселе – ұлттық ті­лі­міздің бүгінгі күйі.
Рас, тәуелсіздік жыл­дары қазақ тілінің мемлекеттік мәр­те­беге ие болуы
бағытында көп нәр­се жүзеге асты. Егемендіктің елең-ала­ңында мемлекеттік
мәртебеге ие бол­ған ана тіліміз туралы 1995 жылы конс­титуциялық шешім
жасалды. 1997 жылы «Қазақстан Республикасындағы тіл ту­ралы» Заң қабылданды.
Мұны жүзеге асыру бағытында Үкіметтің арнайы қау­лы-қарарлары мен мемлекеттік
бағ­дар­ламалар қабылданғаны белгілі. Сан жылдар теперіш көрген ана тілдік
кеңіс­тікте оң өзгерістер орын алып, жаңа бағыттар қалыптасты.

Ғалым осындай тығырықтан шығар жолдарды да ұсынады.
Оның ең негізгісі – ұлттық намыс, тілге деген ұлттық қа­жеттілік. Бүгінгі күні
ұлттық тілдің тағдыры қандастарымыздың өзінен сана­лы іс-әрекетті,
табандылықты, рухани ізденістерді талап етіп отыр. Өркениетті елдерде оның
байырғы халқы өмірдің өзекті мәселелерін өздері шешуге бейім. Бұл арада саяси белсенділік, әлеуметтік
әрекеттілік аса қажет.

Елу жылдан астам білім жүйесінде ғылыми және
оқытушылық жұмысты оңтайлы ұштастырып келе жатқан ғалым-ұстаз елімізде нарық
пен білімді байланыстыруды бір жақты түсінудің арқасында білімнің сапасына емес, білімді
ұйымдастырғанымызға ақы алу кең етек алып отырғанын атап көрсетеді.

Амангелді Айталының азаматтық, қоғамдық һәм ғылыми
болмысы жағынан жетіле түсуіне оның1999-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты
болғандығы игі ықпал етті. Ол жаңа қырларынан көрі­ніп, жаңа тыныс алды.
Сондай-ақ, ол өзінің ғылыми дайындығымен, өмірлік тәжірибесімен, әсіресе
Парламент үшін қажет-ақ қоғамдық, ұлттық қатынастар саласына жетік, азаматтығы
арлы, қайбір мәселе болмасын парасаттылықпен пай­ым­дай алатындығымен де
кеңінен танымал болды. Оның депутат
кезіндегі еңбегі мемлекеттік наградамен атап өтілді. Бүгін де оны еліміздің түкпір-түкпіріндегі
теледидар көрермендері мен газет оқырмандары арасында білмейтіндер кемде-кем.
Оны поезд үстінде де, самолет салонында да жұртшылық біліп жатады, пікірлесіп
жатады.

Әсілі азаматқа да, ғалымға да, қайраткерге де халықтың шынайы ықыласының лауреаты болудан
артық қандай мәртебе керек. Алда да айтары мол Айталыға инемен құдық қазғандай
ғылым жолында толағай табыс тілегіміз келеді.

Әбдіжәлел
Бәкір,

саяси
ғылымдар докторы, профессор.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз