ҚАЗАЛЫДА «ARZAN MARKET PHARM» СУПЕРМАРКЕТІ АШЫЛДЫ

119

0

Бүгін Қазалы ауданында Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай «Аrzan market pharm» супермаркеті ашылды. Ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Мұрат Ергешбаев жаңа кәсіпкерлік нысанының жұмысына сәттілік тілеп, алғашқы сауда жасады. Аудан басшысы супермаркеттен алған тәттілерін «Шапағат» сауықтыру орталығының балаларына табыстады.
Мұнда азық-түлік өнімдерімен қоса, дәріхана да орналасқан. 24 сағат бойы қызмет керсететін сауда орталығының бір ерекшелігі, спиртті ішімдіктер мен шылым сатылмайды. Сондай-ақ, зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандар мен ауған соғысының ардагерлеріне 3 пайыздық жеңілдік қарастырылған. Ал әрбір 1000-шы чектің иесіне заттар тегін босатылады.
Жеке кәсіпкер Болат Абыраев нысанды ашу арқылы 45 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз