АЗАМАТТАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

51

0

Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Қызылорда облыстық Үйлестіру Кеңесінің 13.09.2013 жылы өткізілген отырысының №7 хаттамасының 5 бөлігіне сәйкес, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаментіне құқық қорғау органдарының облыс тұрғындарымен байланысты қалыптастыру, орнату, олардың ой-пікірлерін біліп отыру, сұрақтарына жауап беру мақсатында, сұрақтарды арнайы сараламастан, онлайн конференция шарасын өткізу межеленген болатын. Ондағы басты мақсат азаматтардың құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің әрекеттерінеқатысты арыз-шағымдарын, ой-пікірлерін білу, олармен кері байланыс орнату болды. Осы онлайн конференция үстіміздегі жылдың 29 қаңтарында құқық қорғау органдарының қатысуымен өткізілді. Онлайн конференция www.kyzmet.gov.kz сайтындағы мемлекеттік қызмет істері Департаменттің басшысы-Тәртіптік кеңес төрағасының жеке блогында ұйымдастырылды.Онлайн конференция барысында азаматтардан он екі өтініш түсіп, олардың тоғызына департамент басшысы тарапынан жауап берілсе, біреуіне облыстық прокуратураға, екеуіне Ішкі істер департаменті арқылы жауап берілді.

Сонымен бірге аталған хаттамаға сәйкес облыстық прокуратура, қаржы полициясы департаменті, ішкі істер департаменті, әділет департаменті, мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті басшыларының облыс орталығы мен аудандарында азаматтарды бірлескен қабылдау шараларын өткізу жайлыұсынымы жүзеге асырылды. Бірлескен қабылдау шаралары ағымдағы жылдың мамыр айының 19-22 жұлдыздары аралығында «Нұр-Отан» партиясыныңжергілікті филиалдарымен біргеұйымдастырылды. Өткізілген қабылдаулар халықпен ұдайы байланыста жұмыс жасауды, олардың шағымдары мен мұң-мұқтаждарына құлақ асып, шешілуінекөмектесуді, барынша ықпал етуді көздеді.

Өткізілетін бірлескен жеке қабылдаулар туралы хабарландырулар көпшілік назарына алдын ала облыстық «Сыр бойы» газетінде және аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғанын айта кету керек. Осы орайда, облыс орталығы мен аудандарда өткізілген қабылдаулар қала, аудандардың прокурорлары,аудандық әділет басқармаларының басшылары, Қызылорда облысы бойынша ЭСЖҚД-ның ауданаралық қаржы полициясы бөлімінің басшылары, облыстық ІІД бастығының орынбасары Н.Анарбаевтың, «Нұр Отан» партиясы филиалдарының аудандардағы жетекшілерініңқатысуымен өтті. Бұл қабылдауларда барлығы 54 азамат келіп өз өтініштерін білдіріп, сауалдарын қойды.

Соның ішінде, қабылдауда болған Арал ауданының тұрғыны Баймаханова Айна Удербайқызының «Арал теңізі» қоғамдық бірлестіктің директоры ретінде «Камбала балық» зауытын кепілдікке қойып, 35 млн. теңгенесие алған азаматтар жайлы көтерген мәселесі бойынша аудандық қаржы полициясы бөлімшесінің қызметкерлерінежұмыс жүргізу ұсынылды.

Қазалыда болған қабылдауда осы ауданның жеке кәсіпкері А.Қожағұл Қаратерең елді мекенінде балық аулау кезінде«Водхоз» мекемесіне қарасты «Ақлақ» су торабынан өтетін көпірден жүк көліктері өткізілмей, қиындықтар туындатып жатқаны жайлы мәселені зерттеуді өтінді.Қазалы ауданы прокуратурасы бұл нысана Арал ауданы аумағында болғандықтан әріптестеріне хат жолдады. Сондай-ақ, Жаңақорған кентінің тұрғыны С.Бүргенбаевтың аудан орталығында қоғамдық көліктер бойынша мәселелер туындап жатқаныналға тартқан өтініші аудандық әкімдіктің қарауына жолданса,Шиелі кентіндегі Жақаев көшесі №3 үйдің тұрғындарыатынан қабылдауға келген азаматтар Исабеков пен Алшынбаева үйлерінің маңынан заңсыз құрылыстар жүргізіліп, жүретін жолды, балалар ойнайтыналаңды жауып тастағандары жайлы білдірген шағымдары бойынша аудандық прокуратураға арыз түсіру ұсынылды.

Қабылдауда болған барлық адамдарға түсіндірмелер берілді, сондай-ақ, кейбір күрделі мәселелерді шешу тиісті органдардан қатысқан өкілдері өз қарауларына алса, басқа да өтініштердің шешілуіне ықпал етуді жергілікті «Нұр Отан» партиясының жетекшілері де өз назарларына алды.

Жалпы, қабылдауға келгендер осындай бірлескен шараның қажет екенін білдірді.

 

Нұрлан ӘБДІКӘРІМОВ,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Қызылорда облысы бойынша департаменті

басшысының орынбасары – Тәртіптік

кеңес хатшылығының
меңгерушісі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз