ҚАЗАҚСТАН ЭНЕРГЕТИКАСЫНЫҢ ДАМУЫ

85

0

Ел Президенті
Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ”
атты биылғы Жолдауында: «Біз энергетиканың дәстүрлі түрлерін дамытатын боламыз.
Жылу-электр стансаларынан шығатын қалдықтарды тазарту жөніндегі ізденістер мен
жаңалықтарға, өндіріс пен тұрмыста жаңа технологиялар арқылы жаппай электр
қуатын барлық жерде үнемдеуге қолдау көрсету қажет.

Таяуда Еуроодақтың ірі ком­па­нияларының
алғашқы ондығы Еуроодақтың әйгілі жасыл эко­номика тұжырымдамасы негізінде
қабылданған энергетикалық стра­тегиясына қарсылығын жария­ла­ды. Еуроодақ оны
жүзеге асыр­ған төрт жылда 51 гигаватт энер­гия қуатын жоғалтты. Жасыл эко­номика
бағдарламасымен жұмыс жүргізе отырып, біз осы қателікті ескеруіміз керек” –
деді. Ұлттық экономиканың өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымындағы маңызды
сала әрі өнеркәсіптің басқа салаларын дамытудың басты базасы – энергетика.

Қазақстан Республикасының
электр энергетикасын дамыту жө­ніндегі 2010-2014 жылдарға ар­налған
бағдарламасы тұжырым­дамалық сипатқа ие және елі­міз­дің 2020 жылға дейінгі
Стра­те­гия­лық даму жоспары мен елді үдемелі индустриялық-инно­ва­­­ция­лық
дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мем­­лекеттік бағдарламаны іске
асы­­ратын стратегияның негіз құ­рау­­шы бөлігінің бірі ретінде әзір­ле­неді.

Президенттің айтуы бойынша,
алдағы уақытта Қазақстан электр энергетикасына қаржы салуға ең ыңғайлы нарықтың
бірі болмақ. Сондай-ақ қазір Қазақстанда энергетика саласына инвестиция
тартумен қатар, қалпына келетін энергия көздерін дамыту ісіне де көп көңіл
бөлініп отыр. Еліміздегі энергияның 75 пайызы көмірдің көмегімен, 12 пайыздан
астамы газ­ды-мазуттан, 9 пайызы су электр стансалары арқылы өнді­ріледі.

Жалпы, жаңартылатын энер­гия көздері дегеніміз не? Жа­ңар­тылатын
энергия көздері – бұл өз-өзінен жаңарып тұратын, жел­ден, судан, күннен
алынатын та­биғаттың таза энергиясы. Мұндай таза энергияға көшуге адамзат қаншалықты
мүдделі? Баламалы қуат көздерін жаппай пайдалану қашан жүзеге аса бастайды? Әри­не,
мұндай сауалдар кез келген елді ойландыратыны белгілі. Өйт­кені, энергияны,
оның ішін­де де болашақ энергиясын ойла­майтын мемлекет жоқ.

Қазақстанның қазіргі энер­ге­тикалық теңгерімінде ЖЭО ар­қы­лы
өндірілетін электр энер­­гиясы 88 пайызды, гидро­электр стансаларының өнімі 12
пайызды, ал балама энерге­тика­лық қуат көздерінен алына­тын электр энергиясы
0,02 пай­ыз­ды ғана құрайды екен. Ен­де­ше, осы бағытты қолдауға ба­рын­ша
назар аудару қажет. Ал жа­ңар­тылатын энергия көздерін да­мыту жобалары бойынша
бізге бел­гілісі Оңтүстік Қазақстан об­лы­сының Кентау қаласында жә­не
Қарағанды облысының Шет ау­да­нында жел электр стансалары ор­натылған.

Әлемдік тәжірибеде күн энер­гиясын пайдалану да тиімді әдіс­тің бірі саналады. Еліміздің та­биғи
жағдайы күн энергиясын да­мыту үшін аса қолайлы екен­дігі баяғыда-ақ
дәлелденген бо­ла­тын. Мәселен, оңтүстік өңір­лерде жүргізілген зерттеулер қо­ры­тындысы
күн сағаттарының са­ны жылына 2200-2300 сағатқа же­тетіндігін көрсетті. Жалпы,
әлем­де күн энергиясын электр ре­тінде қолдануы шынайы жү­зеге асуы үшін,
ғалымдарға көп­теген кедергілерден өту ке­рек болды. Тек қана қазір
100 жыл­дан астам уақыт өткеннен кей­ін ғана, күн энергиясын электр­лік
қолдану мәселесімен ай­на­лы­сатын жаңа ғылым саласы – «ге­лиоэнергетика” пайда болды. Бү­гін­гі таңда бұл саладағы
жетіс­тік­тер өте көп.

Қазақстан су, жел, күн энер­гетикасы сияқты электр қуатын
өндірудегі балама қуат көздеріне бай елдердің бірінен саналады. Алайда, осы
уақытқа дейін іші­на­ра гидроэнергия қуатын пайда­ланудан басқа, елімізде бұл
бай балама қуат көздері іске қо­сыл­ған жоқ. Оның басты бір себебі, еліміздің
жер қойнауына энергетикалық шикізат көздерінің мол шоғырланғаны болып отыр­ған­дығын
да жасыруға болмайды.

 

Динара НҰРМАНОВА,

И.Әбдікәрімов атындағы

аграрлық-техникалық
колледжінің арнайы пән оқытушысы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз