Қазақстанның баспасөз қызметтері мен БАҚ-тары, бірігіңдер!

252

0

Қазақстанда мемлекеттік мекемелер­дің баспасөз қызметтерінің де, ірі компа­ния­лардың және барлық журналистер­дің де жұмысын айтарлықтай жеңілдететін интер­нет-портал ашылды. Бұдан былай өңірдегі баспасөз-хатшылары мен БАҚ-тардың ақпаратты алып және таратудағы мүмкіндігі елордалық әріптестерімен теңеседі.

Басқа салаларды қайдам, бірақ маған кейде журналистикада жақында пробле­ма­лардан басқа түк те қалмайтын сияқты болып көрінеді. Әсіресе, мен қандай да медиалық форумда әріптестерімнің пікірлерін тың­да­ға­нымда әр өңірдің БАҚ-тарының бытыраң­қылығы, қызықты тақырыптардың жоқтығы, жаз маусымындағы ақпарат тапшылығы (бұл осыншама орасан елде осындай ойға жетелейді. Өкінішке қарай, осының бәрін қалай түзеу керектігі туралы өте көп айтыла­ды, нақты атқарылған шара әзірге көп емес…

Жігіттер, тату өмір сүрейікші!

Егер журналистерден оларға қатысты проблемаларды кім тудырады деп сұра­са­ңыз, басым көпшілігі «баспасөз қызметтері» деп жауап береді. Таңғаласыз. Шын мәні­сінде журналистер мен баспасөз-хатшылар бір­ге үлкен әрі маңызды іс атқаруда – оқыр­мандарға ақпаратты тез және дәл жет­кізуге тырысуда. Бірақ іс жүзінде олар бір-біріне жиі өкпелейді: журналистер ақ­па­­раттық парақшаларды дер кезінде ал­ма­­ғанына, баспасөз қызметтері – осы ақ­па­раттық парақшаны дайындаудың орны­на журналистердің осы хабар қашан дайын болады деп сұрап, жиі шалатын қоңырау­лары­на жауап берулеріне мәжбүр.

«Журналистер мен баспасөз қызметте­рінің қайшылықтары сияқты мәселе бұдан былай болмайды, – дейді «ic24.kz» Ақпарат­тық орталығы жобасының бас директоры Ерлан Рамазанов. – Егер маңызды бір оқиға бола қалса, журналистерге ақпарат шұ­ғыл керек болады. БАҚ-тар көп. Және әр жур­налист баспасөз-хатшысына
телефон ша­лады. Бұл ақпараттық парақша дайындау жұмысын тежейді. Егер сізге
минут сайын телефон шалып жатса, тез арада мақаланы жазып, редакторға ұсынып
көріңізші. Бас­па­сөз қызметі алаңдамай, ақпараттық парақ­шаны дайындап, оны ақпараттар
орталығына орналастырысымен барлық журналистерге хабар дайындығы және онымен
жұмыс іс­теу­ге болатындығы туралы құлақтандыру кел­се, қанша уақыт үнемделер
еді?».

Бұл баспасөз қызметтерінің жұмысын жеделдетіп қана
қоймайды, журналистер де телефон шалу сияқты ұсақ-түйектерге алаң­дамай, тыныш
қана мақаланың ақпарат жи­налған бөлігін жазуына болады.

Оған қоса қызықты тақырып іздеп, үнемі ресми
веб-сайттарды тексеріп отырудың да қажеттігі болмай қалады.

«Маған диалогтық алаң туралы кездейсоқ айтқан жоқ еді,
– дейді Ерлан Рамазанов. – Журналистер мен баспасөз қызметтері өзара
проблемасыз қарым-қатынас жасай алады. Бір нәрсені талқылау үшін керек
журналисті табу және онымен телефон арқылы байланы­су оңай ма? Ал егер ол
облыстық БАҚ-тан болса ше? Елордалық әріптесінде оның теле­фон нөмірі мен
электрондық пошта адресі табыла қояр ма екен? Тілшінің өзіне жеке хабар жазу
немесе баспасөз қызметіне сауал салу әлдеқайда оңай».

Баспасөз хатшылары үшін журналистер­мен көбірек хабар
алмасу тиімді. Баспасөз қызметінде
істеген адам оны біледі. Ақпа­раттық парақшаны мінсіз дайындап, оны бар­лық
таныс журналистерге салып, өз ісіңді жақ­сы атқаруға тырысуға болады, бірақ қо­рытындысында
жарияланым онша көп бол­май шығады. Ал баспасөз хатшысының жұмысы, өкінішке қарай,
ақпараттық парақ­ша және өткізген
шаралар санымен емес, ақтық нәтиже – ол туралы жазған БАҚ са­нымен бағаланады.

«Көбіне ақпараттық парақшалар өңір­лік БАҚ-тар үшін
қолжетімсіз болып қа­ла­ды. Кейде Алматы мен Астананың ірі ба­сылымдары қандай
да себептермен өзде­ріне керек ақпараттарды ала алмай қалады. Мұның арты
басылым мен баспасөз хатшысы арасындағы өкпеге ұласып жататыны тағы бар. Одан
барлығы да ұтылады – жур­на­листер де, баспасөз хатшылары да, оқыр­мандар да.

Не істеуге болады? География мен жур­на­листер пулын
кеңейту керек. Бірақ оны өз бетіңізше іске асыру үшін орасан зор жұмыс атқаруыңыз керек. Ең
өкініштісі, осындай кезде осы атқарылған жұмыстың барлығы компания немесе
меморган басшылығының «көзінен таса қалатыны». Баспасөз хатшысы­нан нәтижені
жақсарту талап етіледі, ал ол оған қандай күш-жігер жұмсауы керектігі ешкімді
де қызықтырмайды. Құрметті бас­пасөз хатшылары, өздеріңізді сақтаңыздар, ең
қарапайым және тиімді жолды таңда­ңыздар!

Мекен ететін арал

Менің елордалық әріптесім бірде мы­на­дай проблемаға
ұрынды: бір облыс орта­лығынан шұғыл түрде ақпарат алу керек болды.
Шенеуніктердің телефондары жау­ап бермеді, сайттардағы жаңалықтар ең жақ­сы
дегенде өткен тоқсандыкі болды, ал ол жақтағы жалғыз таныс журналистің теле­фоны
үнемі өшірулі тұрды.

«Ондағылар өзі тірі ме?! Әлде Сти­вен Кинг уақыт пен
кеңістікті жейтін ланго­льерлерді ойлап таппаған шығар, олар сонда мекен ететін
шығар?!», – деп ашуланды та­нысым.

Әрине, әріптесімнің айтқанында әзілдің де уыты бар,
бірақ басқа өңірлердің БАҚ-тарымен хабар алысу – ол шынымен де үлкен проблема.

Кез келген редактор өңірлерден меншік­ті тілшілерді
табу қиын екенін айтады. Ол үшін аймақтық БАҚ-тарды білу керек. Ал олардың
көбінің интернетте өз сайттары жоқ. Ал не істеу керек? Өңірлерді аралап, өзіңіз
адам іздеуіңіз керек пе? Бұған қан­ша уақытыңызды сарп етесіз, сіз жоқта ба­сы­лымыңызға
кім қарайды? Келешек мен­шікті тілшілердің өздеріне де оңай емес. Өз өңірінде
ол атақты автор бола тұра елордалық басылымдар үшін мүлдем бей­мә­лім болып қалуы
мүмкін. Ондай кезде ол өзінің кәсіби жарамдылығын қайтадан дәлелдеуі тиісті.

«Ешкімге ешнәсе дәлелдеудің қажеті жоқ, – дейді Ерлан
Рамазанов. – Ақпарат орталығында жеке кабинет ашыңыз, сонда өз
материалдарыңызды орналастырыңыз – олар
резюме мен сізді тілшілікке
ұсынған хат­­тардан гөрі сіз туралы көп нәрсені біл­діреді. Оған
қоса біз сізді Алматы мен Ас­танадағы баспасөз мәслихаттарына, ал кейін –
еліміздің басқа өңірлеріне де шақырамыз».

Бірақ, виртуальды түрде! Бірақ бәрібір бірде-бiр
редактор өзінің тілшісін аптасына бірнеше рет іссапарға жібермейді. Әзірге,
өңірлік журналистер үшін Алматы мен Ас­­танада баспасөз мәслихаттары туралы
аңдатпаны көргенде, ол туралы әріптестері не ха­барлар екен деп күту ғана
қалады. Тіпті елордалық БАҚ-тарда да күтпеген жағдайлар туындайтын кез болады.
Қызықты шара бар, ал жіберетін ешкім жоқ – барлық тілшілер басқа тапсырмалармен
кетіп қалды. Осы кез­де «Зымыраған уақыт, тоқташы!» деп ай­қайлағыңыз келеді,
бірақ одан түк те шық­пайды. Баспасөз мәслихатын кейінге ше­геруге болмайды,
өткенге оралуға, жіберіп алған оқиғаға қатысу мүмкін емес.

«Бірақ бейнежазбаны көруге болады, – деп жұбатады
Ерлан Рамазанов – Егер жур­налист басқа қалада болса, ол онлайн трансляцияны
көре алады. Егер ол оны уақытылы істей алмаса, бейнежазуды көре алады. Ол аз
десеңіз, біз өңірлерде өтетін баспасөз мәслихаттарын да трансляциялай аламыз,
оған техникалық мүмкіндік жетеді»

Осындай тақырып бар

Кез келген журналистің басында бола­тын оқиға: – 5-10
минуттан соң газетті жос­парлау басталады, ал тақырып жоқ. Шын мәнісінде
тақырыптардың таусылмас көзі – әріптестеріңіз. Тіпті олардың өздері емес,
олардың басылымдары. Неғұрлым көп ба­сы­лымдарды қараған сайын соғұрлым көп
тақырып тауып алуға болады. Бүкіл ре­дак­цияға жетеді. Оны оқып шығарлық уақы­тыңыз
болсын деңіз.

Сөзсіз, жоспар-кеңеске дайындық ба­ры­­сында көптеген
таңғаларлық нәрсе­лер­­ді білуге болады.
Байсалды деген ре­сурс­­­тарда Марста қайтадан iPhone-52 құн­­­­дағы
табылыпты, джунглида әйел то­ған­да шомылған екен, кейін құрбақа ту­ыпты,
біздің жер шарының ерекше лас қа­лаларының үстінен үлкен шаңсорғыштар ұшып
жүретін болады деген сияқты елуге тар­та тақырыптарды оқып шығып, миыңыз қа­тып
қалады. Ғалымдар оны ақпараттық ластану деп атайды.

Осыған жауап ретінде Ерлан Рамазанов бәрін бірдей оқи
бермей, әр түрлі басылым­дардан маңызды және қызықты деген жаңалықтарды қарап
шығуды ұсынды. Ең тамашасы – ақпараттық қоқыстан азат сайт.

«Бұл қоқыс емес. Ақпараттық таспаның толықтығы туралы
бұлай деуге болмайды. Барлығы үшін маңызды, қызықты ақпарат бар да,
оқырмандардың белгілі тобына қызық болатын ақпараттар болады. Егер сіз қандай
да құпия және жұмбақ әлем туралы бағдарлама жасайтын болсаңыз, онда сізге Марс
пен құрбақалар керек. Бірақ сізге мүлдем басқа ақпарат – оқиға, экономика,
даулы сот істері қажет болса сондай
таспаны оқуыңыз керек. Біз ондай жаңалықтарды арнайы іріктеп алып, өзіміздің
таспамызға саламыз. Сонда журналист жоспар-кеңестің алдында бір сәт осы сайтқа
кіріп, еліміз бен әлемде не болып жатқаны туралы хабардар болып отырады.

Бұл таспа – журналистер үшін жаңалық­тар агрегаторы
емес, генераторы. Ерлан Рамазановтың пікірінше
бұл жерде түбе­гейлі айырмашылық
бар.

«Жаңалықтар агрегаторы басқа БАҚ-тар­дың ақпаратын
қайдан алынған сіл­те­ме­сін көрсетіп толығымен басады. Редак­ция­лардың өздері
бұған сайттың төменгі жа­ғында немесе әр жаңалықтың астында белгі салып,
басылымға сілтеме жасаған кезде ғана қайта басуға рұқсат береді. Бұл брендтің
танымалдығы мен сілтеме жа­сау индексіне, жарнама құнына жұмыс жа­сайды, –
дейді Ерлан Рамазанов. – Біздің міндетіміз мүлдем басқаша – біз қай жерден де
қызықты және маңызды ақпарат тауып, ол
туралы журналистерге хабарлаймыз. Бірақ
ол біздің жұмысымыздың бір ғана бөлігі. Екіншісі – әріптестерді гигабайттаған
ақпараттарды қопарып, қайталап оқып оты­рудан азат ету. Біз қысқаша жаңалықтың
мә­нін хабарлаймыз және толық мәтінге ги­перактивті сілтеме жасаймыз. Басылым
үшін ол дегеніңіз танымалдығы мен сілтеме көп жасайтындығын ғана емес, сайтқа
кіру­дің артқанын аңғартады. Себебі біз егжей-тегжейін білу үшін журналисті
ақпарат көзіне сілтейміз ғой. Біздің ықшамдап жаз­ған хабарымызды оқып,
журналист, бұл тақырып оған жарайтынын және ол осы тақырыппен келешекте жұмыс
істегісі келе­тінін-келмейтінін өзі шешеді. Ал жарнама бе­руші келісімге қол
қою мәселесін шешудің ал­дында сайттың танымалдығына, сайтқа кіру есептегішіне
қарайды».

Оқырмандар хаты

Меніңше, осы айдар кеңестік дәуірде жур­налистерге
қызықты тақырыптарды тау­ып алу жұмысын жеңілдету үшін ойлап табылса керек. Ал
қазір, интернет пен басқа да технологиялар ғасырында, ескі идея жай ғана жұмыс
істемей, дамып та отыр.

Таңғаларлығы – қазір, «әркім өзіне тіл­ші» бола
алатындығында емес, қазір қап­тап хат алып отырған замандағыдан осы ақ­паратты
тауып алып, жүйеге келтіру күрделі бола
түскендігінде. Блоктарда, әлеуметтік желілерде, бейнехостингтерде әдетте орна­лас­тырылған
күні көрсетеледі. Бұл ретте на­зарға іліккен оқиғаларды барлық кезде де жазу
қолдан келмей жатады, себебі ол оқиғаның қашан, қайда орын алғаны бел­гісіз
болып келеді. Бәлкім, ол қазір ғана орын алған шығар, бәлкім біреулер 4 жыл бұ­рынғы ескі файлдарды
тазалап жатып, көп­шілікпен бір нәрселермен ой бөліскісі кел­ген шығар.

«Біз журналистермен жұмыс істеп отыр­ған­дықтан оларды
жұмыс істеуге дайын материалдармен қаматасыз етуіміз керек – шы­нымен де
қызықты оқиғаларды іріктеп алып, олар қашан және қайда орын алғанын ха­барлауымыз
керек», – дейді Ерлан Ра­ма­занов.

Одан басқа, ақпараттар орталығы аза­мат­тарға
редакциялардың табалдырығын тоз­дырмастан-ақ өздерінің проблемалары ту­ралы
журналистерге хабарлауына мүмкін­дік береді. Азаматтар сайтқа өздерінің проб­лемасы
туралы жазса болды, оны он­да­­ған, жүздеген журналист оқиды. Әри­не,
психикалық тұрғыдан ден сау емес аза­мат­тардың шағымдары «фейс-бақы­лау­дан»
өте алмайды.

«Қарапайым халықтың, болған оқиға куәгерлерінің
жазғандары тек БАҚ үшін ғана керек емес. Олар меморгандар үшін де маңызды, –
деп сенеді Ерлан Рамазанов. – Не болып жатқанын толығымен бақылап отыру мүмкін
емес. Бірақ оған сауатты әрекет ша­раларын қабылдауға болады. Айталық, бір жер­де
сапасыз үй салынып жатыр делік. Құ­­зыретті орган ол проблема туралы әлі
бейхабар. Ал журналистерге ол туралы ха­барланған соң, олар өздерінің баспасөз
қыз­меттері арқылы осы ақпаратты алып қа­на қоймай, осы ақпараттар орталығында
қабылданған шаралар нәтижесі туралы хабарлай алады. Азаматтар үшін жақсы –
проблема шешілді. Мекеме үшін де жақсы –
олар одан да елеулі проблемалардан құ­­тылды және өз имиджін айтарлықтай сақтай
алды. Журналистерге де жақсы – екі жаңалықты, алдымен жағдайды кейін оған
байланысты қорытындыны хабарлауға болады».

«Қазақстандық БАҚ пен баспасөз қызметтерінің, оның
ішінде өңірліктерінің әлеуеті зор, – деп сенеді Ерлан Рамазанов. – Оны бар болғаны ел игілігі, қарапайым
қазақстандықтар – біздің оқырмандар игілігі үшін мейлінше тиімді пайдалану
керек. Біздің барлығымыз солар үшін қызмет етеміз. Бұдан былай – біздің
барлығымыз біргеміз».

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз