БАБА ТОЙЫНА КӘСІПКЕРЛЕР ҮЛЕСІ

56

0

Халқының болашағы үшін басын бәйгеге тігіп, кеуде­сін оққа тосқан Жанқожа
Нұр­мұхамедұлының туғанына 240 жыл толуына орай Қазалыда батырдың құрметіне кең
ауқымда түрлі шаралар өткізіледі.

Қазалы ауданында Жанқожа батырдың 240 жылдығына арналған көптеген мәдени, рухани-танымдық шаралар өткізу межеленуде. Сонымен қатар, батыр баба зиратына жөндеу және тазалау жұмыстарын жүргізу ісі қолға алынды.

Батырдың 240 жылдығы қарсаңында бұл жұмыстарды елі үшін аянбай қызмет етіп жүрген азаматтар баба рухы алдындағы перзенттiк парыздарын орындап, аруақ үшiн қызмет етуге әрқашан аянбайтындықтарын көрсетті. Олар «Досбол-Құрылыс и К» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнің директоры Сәбит Аралбаев және «Болашақ» жауакершілігі шектеулі серіктесті­гінің директоры Панабек Әлиев.

Бұл екі серіктестіктің де аудан көлемінде белді жұмыстарды атқарып, көпшiлiктiң көңiлiнен шығып, елдің батасына бөленіп жүргені белгілі. Олар баба бейітінің басындағы бірқатар атқарылатын ауқымды жұмыстарды алдымен жоспарлап алып, 17-19 қыркүйек аралығында іске кірісіп кеткен-ді.

Жұмысшы тобы алдымен зират басына барып
тағзым етіп, әрлеу, сырлау және тазалық жұмыстарын жасады. Баба басына келіп
тілек тілеушілерге арналған орынның іші-сыртын әктеп, есік, терезе, едендеріне
сырлау жұмыстарын жүргізді әрі кіреберістегі табал­дырықты қайта салды. Бұл
игілікті шара алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз