БАБАЛАР ӨТКЕН ҒҰЛАМА

44

0

«Садақаңды саудабер»ұғымымен Жанқожа батырмешітіне келгенбіз. Еңселіғимарат мұнтаздай тазаәрі жылы. Біздіілтипатпен қарсы алғанАлмат молда құраноқыту бөлмесіне бастады. Өндірдей өренніңсазды мақамы жандүниемізді баурап әкетті. Оныңаузынан төгілген киеліаяттар имандылыққа, адалдыққа шақырғандай.

Жанқожа батыр мешітінің пайдалануғаберілгеніне көп уақытболған жоқ. Алайдажұртшылықтың жиі басқосар мекенінеайналып үлгерді. Бұлбас имам Қайратқажы Дәуіржанұлы өзгеде дін қызметкерлерінің шалымдылығы екенідаусыз. Мешіттің салынуына жерлесімізДархан Бердалиевтің мұрындық болып, іскеқосылуына аудан тұрғындары мейліншеатсалысты.Әсіресе әкелі-балалыСамұрат,Мұрат,Нұрлан Имандосовтардың сүбеліүлес қосқаны баршаға мәлім.

Мешіттің іші-сырты, жалпы бейнесі өте көркем. Айшығы күнге
шалысқан күмбезі де имандылық ордасының сәнін асырып тұр. Бейнекамерамен
жасақталған. Онлайн жүйесінде «Хазрет Сұлтан» мешітінен дәріс тыңдалады. Неке
залында жас жұбайларға мұсылманша неке куәлігі табысталады. Сәбилерге азан
шақырылып ат қойылады. Халал асханада санитарлық талаптарға сай тақуалық,
мәдениетті үлгіде қызмет көрсетіледі. Ас беру құран аяттарымен басталып,
уағыздарға жалғасады. Яғни садақа тек «ас ішіп, аяқ босатумен» ғана
шектелмейді. Тәуліктің екі мезгілінде ересектерге, балаларға дәріс жүргізіледі.
Намазхан қыздарға әйел ұстаз бөлінген. Мешітте бес уақыт намазға азан айту
жүйелі түрде шешілуі жамағатқа зор септігін тигізуде. Мешіттен сауат ашуға
жастармен қатар аға буын өкілдері де қызығушылық танытуда.

Орайы түскенде Жанқожа батыр мешітінде атқарылған істерге
тоқталсақ. Жыл басынан бері аудан көлеміндегі имам, молдалар ҚМДБ тарапынан
жіберілген теолог мамандардан тәлім сіңірді. Білімдерін жетілдірді. Арнайы
курстан өткендерге сертификат табысталды. Қазалы ауданының бас имамы Қайрат
қажы Дәуіржанұлы облыс бойынша «Үздік жыл имамы» аталымын иеленді. Қайратқа
шипажайға тегін жолдама берілді. Сондай-ақ облыстық азан айту жарысында
мешіттің діни қызметкерлері Ақан Ербозов, Айдос Таңбышов қаржылай сыйлықпен
марапатталды. Ең бастысы, теріс ағымдарға қарсы жұмыстар нәтижесіз емес. ҚМДБ
уағыз-насихат тобы ауданда іссапарда болып, дәстүрлі дініміз туралы көптеген
мағлұматтар таратты.

Келесі бас сұққанымыз «Қожаназар ишан» мешіті еді. Ауладан
естілген азаншының асқақ үніне елжірей құлақ түрдік. Бойымызды белгісіз сезім
биледі. Қасиетті жұмада, киелі намаз қарсаңында мешітте болуымызды жақсылықтың
нышанына баладық. Оқырмандарға Қожаназар мешіті оның иесі атақты әулие ишан
атамыз жайлы әңгімелеп өтсек.

Мешіт 1902 жылы іске қосылыпты. Мәдени-тарихи ескерткіштер
қатарынан орын алғандықтан мемлекет қорғауында. Сапалы салынғандықтан ғасырдан
астам уақыт өтсе де, әліге шейін ел қа­жетіне жарауда. «Дін апиын» деп саналған
сонау кеңестік кезеңде де мешіт қызметін тоқтатпапты.

Қожаназар Артықбайұлы 1855 жылы дүние есі­гін ашады. Әлімнің
Қаракесек тайпасынан өрбиді. Меккеге үш мәрте қажылыққа барған ғұлама тура
Пайғамбар жасында ғұмырдан өтіпті. Қожаназар ишанның жеті ұлы болған. Баршасы
діндар, оқы­мысты адамдар екен. Аудан орталығындағы өз есімімен аталатын
мешітті кейін інісі Бекназарға беріпті. Мұнан соң мешітке Бекназардың баласы
Нұрмағанбет басшылық жасаған. Өкінішке орай Нұрмағанбет небәрі 24 жасында
өмірден өтіпті. Ишан атамыздың жеке қаржысына салдырған екінші мешіті
Сырдарияның жағалауында, қазіргі Жанқожа батыр ауылының тұсында орналасқан.
Қалың тал қоршаған жерде мешіттің орны бар. Ауыл тұрғындары бұл маңды киелі санайды.
Тал демекші Арман досымның басынан өткен оқиғасына бейжай қалдырмадық.

Сол маңнан кейіннен талмен ойнаймын деп, бірнеше рет
сырқаттанып қалғанын, кейін оны орнына аларын, жаны жай тапқанын айтады. Нақты
кезеңде Қожаназар ишан мешітінің жылу жүйесі, есік-терезесі жаңалануда. Кент
әкімдігі отырғыштар, қоқыс салатын жәшіктер беріпті. Мешітке дейінгі жолды
жөндеуден өткізіп, түнгі жарық орнату межеленуде. Жергілікті БАҚ-та діни
мақалалар жарияланып, уағыздар айтылуда. «Мешітте шәкірттер тұрақты оқып жатыр.
Демеушілік көрсеткен барша ағайынға Аллаһ разы болсын» дейді Қожаназар ишан
мешітінің қызметкерлері.

 

Жұмабек ТАБЫНБАЕВ.

Қазалы ауданы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз