БАҒДАРЛАМАНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ

44

0

Жуырда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев туыстарына пәтер таратқан «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» басшылығын сынға алып, «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасын жүйелеуді қатаң тапсырған болатын.
«Банк директоры, оның ағасы, сондай-ақ өз кезегінде пәтерін үшінші тұлғаға сыйға тартқан ұлы пәтер алыпты. Мен өз уақытымды жұмсап, осы түкке тұрмайтын нәрселерді істейтін жұмыс таппағандықтан текке тізбелеп тұрған жоқпын. Жай ғана қарағанның өзінде 20-дан астам банк қызметкерлерін көруге болады. Сонда біз банкті оның қызметкерлері үшін құрдық па?», – деп баса айтты Мемлекет басшысы.
Көп ұзамай құрамына «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» кіретін «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингінің төрғасы Қуандық Бишімбаев банк басшылығының қызметтен кеткенін мәлімдеді.
Сонымен қатар, ТҚБ жүйесінің жұмыс тәртібіне өзгерістер енгізілгені де мәлім болды. Енді компания басшылары мен олардың отбасыларына «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасына қатысуға тыйым салынады.
«Қазіргі кезде пәтерлерді заңсыз алғандардың баспаналарын қайтару ойластырылуда. Келісімге келе алмаған жағдайда, холдинг пәтерлерді сату-сатып алу келісімдері жасалған жергілікті атқару органдары мен прокуратура органдарын тарту жолымен пәтерлер сот арқылы қайтарылады, -деді Қуандық Бишімбаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз