Балалар қалауы – салауаттылық

111

0

Денсаулық –
адам баласының ең құнды игілігінің бірі. Оны сақтау үшін ең бірінші кезекте
ойың, ниетің таза болу керек. Адамның жан тазалығы ағзасына оң әсер етеді.

Дені сау, жан-жақты дамыған, жаны сұлу
адам мәнді де салауатты ғұмыр кешеді. Адам өз денсаулығын сақтап, ішкі жан
дүниесін дамыту үшін өмір бойы белсенділік таныту қажет. Салауаттылық – әр
адамның, сол сияқты бүкіл қоғамның өте құнды жетістігі. Әр адам өз өмір салтын
өзі таңдап алуға құқылы.

Мен өзім жетекшілік жасайтын №160 орта
мектебінің 2-сынып оқушыларына «Салауаттылық – менің қалауым” тақыры­бын­да
ашық тәрбие сағатын өткіздім. Тәр­бие сағаты
«Ойлы болсаң, озып көр», «Кім білгір?», «Кел, ойнайық» бөлімдерінен тұра­ды,
оқушыларға бейнебаяндар көрсетілді. Сабағымызда балалар зиянды әдеттерден ау­лақ
болу, салауатты өмір салтын ұстану туралы біраз мағлұмат алды. «Сау дене, азат
ақыл, адал көңіл, үшеуімен бақытты болады өмір» деген нақыл сөзді жас ұрпақтың
санасына сіңіруге мән берілді.

Рахима Камалова,

№160 мектептің мұғалімі.

Жаңақорған ауданы,

Манап ауылы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз