БАЛАЛАР ДЕМАЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ

71

0

БАЛАЛАР ДЕМАЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫҚР Премьер-министрінің 2011
жылғы 28 маусымдағы (2011-2015 жылдарға арналған жазғы каникул кезеңінде
балаларды сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру
туралы” өкіміне сәйкес «Қызылорда облысында 2014 жылға балалар мен
жасөспірімдердің жазғы демалысы мен сауықтырылу шараларын ұйымдастырудың
іс-шаралар жоспары” бекітіліп, соған сәйкес жұмыс жүргізілуде. Облыстық білім
басқармасымен бірлескен «Жазғы сауықтыру ұйымдарында балалардың құқықтарын
қорғау, демалысы мен сауықтырылуына мониторинг жүргізу іс-шаралар жоспары” да жасалып,
лагерьлерге аусым сайын мониторинг жүргізілуде. Барлық аудан, қала әкімдеріне
жазғы сауықтыру лагерьлерінде өткен жылы орын алған кемшіліктер мен оларды
жақсарту қажеттілігі туралы ұсыныс хаттар жолданды.

Облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қызметі
бақылауында 9 лагерь бар. Оның 8-і жергілікті бюджеттен және «Арай Санрайз”
лагері «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз” АҚ қарамағында. Облыстағы 9 сауықтыру
лагерінде 7248 бала, 221 күндізгі лагерьде 16521 баланың тынығуы жоспарланған.

Қала сыртындағы лагерьлердің санитарлық-техникалық
жағдайы мен дайындық жұмыстарын ұйымдастыру соңғы жылдары біршама жақсарып
келеді. Үстіміздегі жылы сауықтыру лагерьлерінің материалдық-техникалық базасын
жақсартуға 20 млн., жай жөндеуге – 7526 млн., күрделі жөндеуге 138,609 млн.
қаралды. Жалағаш ауданындағы «Ақтерек” лагеріне 47293 млн. теңге бөлініп,
асхана, жатын ғимараты, су, лас су жүйесі, ал Сырдария ауданы «Жалын” лагеріне
64316 млн. теңгеге 10 жатын және асхана ғимараты, сондай-ақ Жаңақорған ауданы
«Тау самалы” лагерінде 27 млн. теңгеге 2 жатын, асхана ғимараты күрделі
жөндеуден өткізілді. Қазалыдағы «Шағала” лагеріне 4 млн. 450 мың теңгеге
ғимарат ішіне су жүйесі кіргізіліп, бассейн, себезгілері жөндеуден өткізілді.
Жалағаш, Жаңақорған аудандағы лагерьлеріне қосымша жатын жиһаздары, Сырдария,
Жалағаш лагерьлерінің асханасына технологиялық жабдықтар алынды. Сырдария
ауданы «Жалы” лагерінде жаңадан спорт алаңы іске қосылды.

Балаларды тамақтандыруды ұйым­дас­тыру сапасы соңғы
жылдары біршама жолға қойылды. Тамақтандыру ісі алдын ала жос­парланып,
жергілікті тұтынушылардың құқықтарын қорғау қызметімен келісілген перспективалы
ас мәзіріне сай жүргізіледі. Ыстық су «Аристон” қондырғылары арқылы беріледі.
Балаларға сапалы сауықтыру шараларын тиімді ұйымдастыруға және олардың
тиімділігін бағалауға Арал, Қазалы, Жалағаш ауданы мен Қызылорда қаласы
лагерінде дәрігер-педиатр бөлініп, медициналық көмек көрсетілуде. Арал
ауданындағы «Ұландар” және Сырдария ауданындағы «Жалын” лагерінде табиғи су
көзі қарастырылған, қалған 7 лагерьде бассейн жұмыс жасауда.

Дегенмен де, Арал, Қазалы аудандары мен Қызылорда
қаласы лагері ғимараттары күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Шиелі
ауданындағы «Сыр ұланы” лагері бейімделген ғимаратта орналасқан. Қармақшы,
Шиелі ауданында жаңа лагерь құрылысы мәселесі толық шешімін таппаған. Шиелі,
Жаңақорған, Жалағаш ауданы лагерьлерінің асханалары қажетті технологиялық
тоңазытқыш жабдықтармен жеткіліксіз қамтамасыз етілген. Балаларға сапалы
сауықтыру шараларын тиімді ұйымдастыруға, тұрақты түрде жұмыс істейтін
мейірбике және педиатр, тіс дәрігерін бөлу мәселесі Шиелі, Сырдария, Жаңақорған
ауданында шешілмеген.

Үстіміздегі жылдың 1 маусымына 6 лагерь жұмысын
бастады. Сырдария, Жалағаш ауданы лагерлерінде күрделі жөндеу жұмыстарының
аяқталмауынан, Қазалы ауданындағы «Шағала” лагерінде ҰБТ-ға қатысатын
түлектерді орналастыруға байланысты ондағы жұмыстар кеш басталды.

Қазіргі таңға 9 лагерьде 2660 бала, 221 күндізгі
лагерьде 16448 бала демалды.

Аудан, Қызылорда қаласындағы балалар сауықтыру
ұйымдарында балалардың құқықтарын қорғау, жұқпалы ішек аурулары мен тағамнан
уланудың алдын алу мақсатында облыстық білім, денсаулық сақтау басқармаларымен
бірлескен көшпелі облыстық семинарлар мен «Балалардың қауіпсіз және салауатты
демалысы” тақырыбында көптеген акциялар өткізілуде.

Жазғы сауықтыру және мектеп жаны күндізгі
лагерьлерінде орын алған кемшіліктер бойынша 6 айыппұл, 2 материал
прокуратураға, жергілікті мәслихат, әкімдікке 18 ұсыныс хаттар жолданды.

Жалпы бүгінде балаларды сауықтыру ұйымдарына
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жұмыстарын жүргізу ісі өзінің жалғасын
табуда.

Рзақұл НҰРТАЕВ,

облыстық тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаментінің басшысы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз