БАЛАЖАН БАЛАБАҚША

280

0

Бүгінгі таңда аймағымызда
мектепке дейінгі балалар
орталықтарының саны артуда.
1 маусым – «Халықаралық
балаларды қорғау күніне» орай қаламызда «Сыр Балажаны» балабақшасы ашылды.

100 орындық балабақшада мектепке дейінгі ересектер тобына арналған
50 орын бар. Орталықтың ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Ақмарал
Әлназарова қатысты. Ақмарал Шәріпбайқызы балабақшаны аралап көріп,
бүлдіршіндердің өнерлерін тамашалады және салтанатпен құттықтады.

БАЛАЖАН БАЛАБАҚШАБалабақша меңгерушісі Наталья
Мишукованың айтуынша, орталық заманауи ойын құралдарымен, бейнебақылау,
жиһаздармен жабдықталған. Орталықта 20 маман жұмыс істейді және психолог,
әдіскерлермен қамтылған.

Шара соңында балаларға түрлі ойыншықтар беріліп, балмұздақтар
ұсынылды.

Шағын балабақшаны ұйымдастыруы мен іске қосылуы мемлекет пен жекеменшіктің бірлесуі арқасында жүзеге асып отыр.

 

«Шұғыла-3” шуағы

Облысымызда мем­лекет­тік
«Бала­пан» бағдарламасы қар­қынды түрде жүргізіліп жатыр. Қазірдің өзінде облыс­тағы
бал­ғындардың 79 пайызы бала­бақшамен қамтылған.

Қаламызда 175 орындық «Шұғыла
– 3» балабақшасы бүлдір­шіндерге есігін айқара ашты. Сәулеті келіскен
балабақшаның ашылу рәсіміне елдің жақсылары мен жайсаңдары жиналды.

Бұл балабақшаның құрыл­тайшысы
– облыстық мәслихат депутаты, кәсіпкер Сейітқали Алшынбаев. Жомарт жан бұдан
бөлек, Досан ауылындағы орта мектептің құрылысына қаржысын салғаны белгілі.
Сондай-ақ, былтыр ашылған «Шұғыла–1”, «Шұғыла–2” балабақшалары да балалар
көзайымына айналған. Білім жолында инвестиция құйған халық қалаулысының еңбегі
еш кетпеді.

Жаңа балабақшаға келетін
бүлдіршіндердің қуанышын бөліс­кен Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары
Р.Рүстемов, осындай орталықтардың жыл соңына дейін әлі де көптеп ашылатынын
айтып, бүлдіршіндерді мерекелерімен құттықтады.

Жаңадан бой көтерген бала­бақшаның
іші кірсе, шыққысыз. Сыртқы келбетінің өзіне сын айта алмайсыз. 55 маманды
жұмыспен қамтыған орталықта педагог-психологтар да жұмыс істейді. Ашылу
рәсіміне келген қонақтарға бүлдіршіндер өз өнерлерін көрсетті.

 

Жарасхан Өтебалиев,

Қорқыт ата атындағы

ҚМУ-дың студенті.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз