БАСТЫ БАЙЛЫҒЫМЫЗ САҚТАЛАДЫ

47

0

Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы Тәуелсіздіктің
25 жылдығына арналып, «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» деп аталды.

Іс-шараға қатысқан Ассамблеяның елдің барлық өңірінен келген өкілдерінің
қатарында мен де болдым. Жиналғандар алдында
Елбасы сөз сөйлеп, Ассамблеяны Тәуелсіздігіміздің ұлы құндылықтарының бірі деп атады.
Елдегі татулық пен бірліктің берік негізін қалаған бірегей институттың жетістігі
орасан. Аға ұрпақ пен өскелең ұрпақтың басты игілігі – тең құқықтылық, тыныштық
пен келісімді одан әрі көздің қарашығындай сақтау халықтың қалауы.

Соңғы күндері жерді сатуға қатысты ақпараттар халық арасында көптеп
тарап, жұртшылықты алаңдатып қойды. Әрине, мұндайда аталы сөзді Елбасынан күтетініміз
аян. «Мұның шындыққа жанас­пайтыны бірнеше рет түсіндірілді. Тағы да айтқым келеді
– ауыл шаруашылығы жерлерін шетел азаматтарына және компанияларына сату туралы мәселе
жоқ, талқыланбайды да»,– деді Мемлекет басшысы.

Осылайша алып-қашпа әңгімелерге бір ауыз сөзімен нүкте қойды.
Ауыл шаруашылығымен айналысатын шаруалардың жерге иелік етуіне мүмкіндік берудің
маңыздылығына тоқталды. «Егер олар жерге иелік ететін болса, оны күтіп-баптап, қадірлейді.
Жер – ата-бабамыздан мұраға қалған біздің басты байлығымыз» деді ол.

Сонымен бірге Елбасы Қазақстанның 14 мың шақырымнан асатын мемлекеттік
шекараны рәсімдеу үшін көрші елдердің басшыларымен 8 жыл бойы келіссөздер жүргізілгенін
атап өтті. Мұндай ауқымдағы жұмыс жеріміздің
тұтастығын, іргеміздің беріктігін қамтамасыз ету үшін жасалған еді.

Нұрсұлтан Әбішұлы ел азаматтарының жер тағдырына алаңдаушылықтарына
қатысты ойын білдірді. «Мен азаматтарымыздың
осы мәселені көтергеніне қуаныштымын. Егер жерге дәл осылай көңіл бөлінетін болса,
бұл біздің халқымыз өз жерін қасық қаны қалғанша қорғайтынын көрсетеді», – деді.

Уәлихан Ыбыраев,

Қызылорда облысы
әкімі аппараты жанындағы

«Қоғамдық келісім» КММ директоры.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз