БЕКЗАТ БОЛМЫС

81

0

Оңалбек Сәпиев туралы бір үзік сыр

Бүгін қайраткерлер көп-ақ. Өзгелер осылай атайтындар да, өзін өзі солай санайтындар да жетіп артылады. Бұл, әсіресе кеңес өкіметі кезінде партиялық лауазымда болған қызметкерлерге қатысты молырақ болып тұр. Халық жады кешегі шындықтан алыстаған сайын бұл үдеріс үдей түсуде.

­­­­Құдайға шүкір, халқына адал қызмет еткен шынайы қайрат­кер­лер де баршылық. Олардың кісі­лік келбеті, қажырлы қызметі, өз мүддесінен халықтың мүддесін әр кез жоғары қойғандықтан ара­да қанша уақыт өтсе де, есім­де­рі құрметпен еске алынады. Ол кісілердің саналы өмірлерін өзде­ріне тән кісілікпен аяқтағандары да сөзсіз ескеріліп жатады.

Бүгінгі әңгімеміздің арқауы болып отырған, жетпістің биігіне шыққан Оңалбек Сәпиев – қоғамда өзіндік орны бар, замандастарының арасында сыйлы, өзіне кезінде қан­дай жұмыс тапсырылса да абы­роймен атқарған, қарапайым да қа­жырлы еңбегімен көпшілікке та­нымал, бедерлі-бедерлі өмірлік жол­дары бар, замандастарымен кейде тағдыры ұқсас болғанымен өзіндігі жетерлік қайраткер.

Сәпиев Оңалбек 1944 жылғы қаңтар айында Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Өзгент ауылында дүниеге келді. 1960-шы жылы мектепті өте жақсы баға­мен бітіріп шықты. Содан сол кез­дегі қоғамда орныққан жас өн­дірісті көрсін деген замана ағы­мына сай аудандық комсомол ко­ми­тетінің жолдамасымен өз ауы­лы «Октябрь» колхозында екі жыл қой бақты. Бірақ екі жыл текке кеткен жоқ. Қолынан ерте­рек серік еткен кітабын,кейін жол­дас болған таяғын тастамады. Жас шопан қазақтың ата кәсібі мал бағудың тәсілін игерді. Еңбек­тің қадірін түсінді. Тіршілік ба­сын­дағы кісілермен танысты. Олар­дың тәлімді сөздері жадында қал­ды. Сөйтіп шынайы өмір жа­ны сергек жастың болашағына жол­дама берді. Ол Өскемен мем­ле­кеттік университетінің (ол кез­де – пединститут) үшінші кур­сында оқып жүргенде-ақ КПСС қатарына қабылданды. Студенттің ширақтығын, оқуға деген ынта­сын, жеке жауапкершілігін бай­қа­ған институт басшылығы (рек­то­рат) оған өз мамандығына сәй­­кес бірінші курстың бір оқу то­бы­на ақылы жетекшілік етуді тапсырды. Институттың қоғамдық жұмысына белсене қатысты. Спорт­пен айналысты. Шығыс Қа­­зақ­стан облыстық студенттік құры­лыс отрядының мүшесі ретін­­де Тарбағатай ауданының Тар­бағатай, Крупская атындағы ша­руа­шылықтарында бірнеше жыл қатарынан құрылыс жұмыстарында болды. Біршама уақыттан бері инс­титуттың комсомол комитетінің хат­шылық қызметін атқарып кел­ген Оңалбек Сәпиев 1968 жы­лы институтты бітірісімен өзі оқыған физика-математика фа­культетінің жалпы техника кафед­ра­сында оқытушылық жұмыста қал­­ды, кейін аға оқытушы болды. Осы­лай кете берсе, ғылым жо­лын
таңдауы да мүмкін еді. Кейі­нірек Шығыс Қазақстан мемле­кеттік университетінің
құрметті про­фессоры атағын алуы сонау жылдардағы оқытушылық жұмыс­тың жемісі
болатын. Алайда, тағ­дыр басқа жолды сілтеді. Жас ком­сомол белсендісінің
қоғамдық жұмысқа қарымдылығын байқаған облыстық комсомол комитеті оны 1969-шы
жылы Мәскеуге, ВЛКСМ Орталық Комитеті жанындағы Жо­ғар­ғы комсомол мектебіне
курс­қа жіберді. Оны бітірісімен Шы­ғыс Қазақстан облыстық ком­сомол
комитетінің хатшысы, со­дан кейін
екінші хатшысы қызмет­терін
атқарды. Облыста сол кез­де­гі жаңадан салына бастаған Бү­кіл­одақтық
комсомолдық екпін­ді құрылыстар – Өскемен құс фаб­рикасы мен Өскемен жібек
тоқу комбинаты құрылыстарындағы ком­сомолдық
штабқа басшылық ет­ті. 1973-ші жылдың мамыр айын­да ВЛКСМ Орталық Комитеті қыз­метке
шақырып, комсомол ор­ган­дары Бөлімінің жауапты ұй­ым­дастырушысы – Ресейдің
сол­­түстік-батыс өңіріндегі Калинин­град, Карелия, Мурманск облыстық
комсомол ұйымдарының кураторы (үйлестірушісі)
қызметтерінде бол­ды. Сөйтіп одақтық деңгейдегі ком­сомолдың үлкен
мектебінен өтті.

Осылардың
барлығынан ха­бар­дар Қызылорда облыстық пар­­тия комитетінің басшылығы жә­не
Қазақстан ЛКСМ Орталық комитетінің ұсынысымен Оңалбек Сәпиев 1977-ші жылы
Қызылорда облыстық комсомол комитетінің бі­рінші хатшылығына ауысты. Ке­шегі
облыстық, одақтық жастар ұй­ымдарында жинаған мол тәжі­рибе жаңа қызметте жақсы
көрініс тапты. Бас-аяғы төрт жылда об­лыстық комсомол ұйымы өз жұ­мысындағы
жетістіктері үшін же­­ті рет Бүкілодақтық және Рес­пуб­­ликалық
жарыстардың же­ңім­­пазы атанып, әлденеше рет Қы­­зыл Тулармен марапатталды. Об­лыс
комсомол ұйымдары ВЛК­СМ Орталық Комитетінің та­ра­пынан тікелей жабдықталып,
өз­­­дерінің материалдық-техни­ка­­­лық базаларын тәп-тәуір ны­ғайт­ты. Ал
комсомол жетекшісі Оңалбек Сәпиев кеңес жастары де­легациясын басқарып,
Венгрияда, Тунисте, Италияда, Польшада, Моң­ғолияда іссапарларда бо­лып, әр
түрлі бағыттардағы конфе­рен­циялар мен диспуттарға қатысты.

Оңалбек
Сәпиевтің бас-аяғы он үш жылдың үстінде жастық жі­герін арнаған комсомол кезіне
көбірек тоқтап жатқанымыздың сы­рын өздеріңіз де түсініп отыр­ған шығарсыздар.
Қазіргі осы жас­тағылардың көбісінің тағдыры комсомолмен байланысты. Біз де осы
салада тоғыз жыл қызмет ет­тік. Тоталитарлық кезеңнің әсе­рінен кейбір
мәселелерде сая­сатшылданып кеткені болмаса, ком­сомол ұйымы шын мәнісіндегі
жас­тар мектебі бола алды. Бүгін­гі тәуелсіз мемлекетімізде осы си­яқты ұйымның
қажеттігі қатты се­зіліп-ақ тұр. Қызметтері енді кө­ріне бастаған жастар
ұйымдары да қалыптасарына, олар да ұл-қы­зымыздың тағдырына етене ара­ласатын
үлкен саяси және әлеу­меттік тәрбие мектебі боларына сенеміз.

1981 жылы
Оңалбек Сәпиев КПСС Орталық Комитеті жанын­дағы Қоғамдық ғылымдар акаде­миясына
оқуға жіберілген болатын. Оны үздік бітіргеннен кейін 14 жыл Қызылорда облыстық
пар­тия комитетінің нұсқаушысы, Сыр­дария және Жалағаш аудандарында атқару
комитетінің төрағасы, пар­тия комитетінің бірінші хатшысы, Қызылорда облыстық партия ко­ми­тетінің
хатшысы, Сырдария ау­дандық Кеңесінің төрағасы, сол ауданның әкімдігінің
басшысы, әкі­мі болып істеді.

Бәріміз де
пендеміз ғой. Оңал­бек Сәпиевтің де бәлкім кей­де шалыс басқан қадамдары бол­ған
шығар. Адам баласы жал­пы кемшіліктерден құр бола қой­май­ды. Онсыз даму да,
өсу де мүмкін емес. Алайда қай қызметте болса да, барын салды, жақсы істің жа­нында
жүрді. Белсенділікті тұрақ­ты серігі ете білді. Сырдария ауда­нында басшылық
жұмыста жүріп, сол кезде енді көтеріле бастаған Мұстафа Шоқай атындағы қорды
аяғына тұрғызуға көп еңбек сіңірді. Алматыға, шетелге барды, кешенді жұмысқа кең тыныс берді.

Оңалбек Сәпиев
1987 жылғы сәу­ір айында облыстық партия ко­митетіне хатшылық жұмысқа ау­ыс­қан
болатын. Осыған дейін ком­сомолды былай қойғанда, ау­дан­дық басшы қызметтерде
бо­лып, халықтың шынайы өмірін көр­ген, партия жұмысының тео­рия­сы мен
тәжірибесі барынша жи­нақталған Одақтық академияда болған Оңалбек Сәпиев жаңа
жұмысқа үлкен дайындықпен ке­ліп еді. Алайда, бүкіл Одақтық пар­тия жүйесіндегі
самарқаулық қажырлы істерге бастау да, қозғау да сала алмады. Қайта қолды бай­лады.
Жақында ғана бірінен соң бірі өтіп жататын одақтық, рес­пуб­ликалық, облыстық
семинар, кон­ференциялар тыйылған болатын.

Шынында да,
өткен ғасырдың 80-жылдарының екінші жартысы ерекше кезең болғаны мәлім. Ком­мунистік
партияның негізін сал­ған К.Маркс пен Ф.Энгельстің еле­сі Еуропаны кезіп жүрген ком­му­низмі дегеніне жете алмай,
ком­му­низм таудың арғы жағында («ком­мунизм не загорами») емес деп соқ­қан Н.С.Хрущевтың сөзі де ұмыт болған еді. Бұл
тығырықтан кеңес демократиясы әлемдегі нағыз тама­ша демократия деп ұрандатқан
Л.И.Брежнев айқайы да құтқара ал­мады. Одақты қайта құрамын деп тілі мен жағына
сүйенген М.С.Гор­бачев қиратқаннан бас­қа
ештеңе бітірмеді. Соның шо­лақ саясатының салдары 1986 жыл­ғы Желтоқсанда
Алматыдағы жас­тар­ды алаңға шығарды. Бірақ
ұл-қыздарымыздың демократиялық ер­кіне тағы да Мәскеу араласып қанды
қырғынға айналдырды. Оның үстіне «реформатор» ке­ңес көсемінің туасы көпшіл, Ал­ла
жаратқан адамзатқа бауыр­мал, бейбітсүйгіш қазақ халқын «ұлт­шыл» деп атағаны
да халықтың ашу-ызасын туғызған болатын. Сон­­дықтан да сол кездегі обком­ның
бірінші басшысы Еркін Нұр­жанұлы Әуелбековтің де, оның ті­келей халықтың
көңіл-күйіне жау­ап беретін хатшысы Оңалбек Сә­пиевтің де қызметтерінің басты
бағыты халықты парасаттылыққа шақырып, ел тыныштығын сақ­тау­ға үлес қосқаннан
басқа ар­тық мұраттары жоқ еді. Бұл еге­мендіктің елең-алаңынан азаттық таңына
бет алғанда алға жылжудың кепілі де болатын.

Оңалбек
Сәпиевтің саяси қа­жырын, әлеуметтік әлеуетін 1997 жылғы қазан айының 8-нен 2008 жылдың 8-ші
желтоқсаны ара­лы­ғында үш шақырылым қата­ры­нан Қазақстан Республикасы Пар­­ламенті
Сенатының депутаты болған жылдар
айқындай түсті. Сенаттың – Өңірлік даму, Ха­лық­аралық істер, Қорғаныс жә­не
қау­­іпсіздік, Аграрлық сияқ­ты тұ­рақты комитеттерінің, Қа­зақ­стан Рес­публикасы
Парламен­ті­нің шет елдерде
тұратын қандас­тарымызбен
қарым-қатынас орнату және орал­мандармен жұмыс істеу жөнін­дегі комиссиясының
мүшесі ретін­де еліміздегі
қоғамдық-саяси үде­ріс­­терге белсенді араласты, мем­ле­кеттіміздің
тәуелсіздігін ны­ғайта түсуге өзіндік үлес қосты. 1998-2008 жылдар аралығында
ТМД елдері Парламенттері Ас­самблеясының, 1999 жылдан алды­мен Дүние жүзі Ислам
мемлекеттері Парламенттік Одағының, сонан соң оның Атқару комитетінің мүшелері
ретінде пар­ла­ментаралық байланыс сала­сында белсенді еңбек етті. Шет­ел­дің
20-дан астам орталық қа­ла­ларда өткен Халықаралық лауа­зымды отырыстарға
қатысып, Қа­зақстан Парламентінің
атынан сөз сөйлеп, хабарламалар, баян­да­малар жасады. Сондай-ақ, Қа­зақ­станның Франция,
Германия, Түркия және Армениямен парла­ментаралық комиссиясының тұ­рақ­­ты
мүшесі ретінде оның Ха­лық­аралық
ұйымдары мен әр дең­гейдегі комиссиялары өткізген кең ауқымды, терең мазмұнды
тал­қы­лауларына сенатор-саясаткер ре­тін­де өзінің ойын білдіріп отырды.

2008-ші жылдың желтоқсаны­нан 2012-ші жылғы шілде
айына дейін Оңалбек Сәпиев «Нұр Отан» ХДП басшылығының шақы­руы­мен әрі
ұсынысымен осы рес­пуб­ликалық саяси партияның Пар­тия­лық бақылау комитеті төр­ағасының
орынбасары болып қызмет істеді. Партияның алда тұрған негізгі мін­деттерді
орындауы жөніндегі іс-қи­мылына бақылау жасаудың ішкі партиялық механизмін
күшейту үшін құрылған Комитеттің пар­тия­лық бақылаудың бірыңғай жүй­­е­сін
қалыптастыруда еңбек ет­­ті. Әлеуметтік маңызды мемле­кеттік
бағдарламаларды жүзеге асы­ру барысын қадағалау мақса­тында партиялық бақылау
постта­ры құрылды. Жемқорлыққа қар­сы Медиа-орталық жұмыс іс­те­­ді. Партиялық
бақылаудың өңір­­лік жә­­не аймақтық комиссия­ла­­ры­­ның қызметін үйлестіру,
қыз­мет­керлерін оқыту, партияның сы­­байлас жемқорлыққа қарсы іс-қи­мылын
ұйымдастыру, пар­тия мүшелерінің және оның құры­лымдық бөлімшелерінің партиялық
тәртіпті сақтауын бақылау да Ко­митеттің тұрақты назарында бол­ды. Мұның
барлығы мақсат пен тәсіл, мүдде мен мүмкіндік ара­сында тиімді шешім тауып,
ішкі пар­­тиялық тәртіпті арттыруға сер­пін беріп отырды.

Оңалбек
Сәпиевтің саналы өмі­­ріндегі қажырлы еңбегі мемле­ке­тіміз тарапынан әркез
аталды. Оған «Еңбек Қызыл Ту», «Барыс»,
«Құрмет», «Содружество» (ТМД ел­дері Парламентаралық Ассам­блеясының ең жоғарғы
наградасы) ор­дендері мен медальдары, ВЛ­КСМ Орталық комитетінің ұрмет белгісі
мен «Нұр Отан» ХДП-ның «Белсенді қызметі үшін» омырау белгісі, т.б. түрлі ма­рапаттаулар
толық дәлел бола алады. Қызылорда облысының, Жа­лағаш және Жаңақорған аудан­дарының құрметті азаматы.

Өздеріңіз көріп
отырғандай, Оңалбек Сәпиевтің өмір жолының өзі-ақ сайрап тұр. Тіпті қосымша
бірдеңе деу де артық сияқты. Де­ген­мен, 40 жылдай уақыт білетін болғаннан
кейін бірер ойды қоса кетсем деп отырмын. Оңекең өзі­нің туған күнінде
Астанадағы Әзірет Сұлтан ме­­шітінде дүниеден өткен әуле­ті­не арнап ас берді.
Алдымен пер­зенттік парызын орындады.
Бұл имандылықтың көрінісі еді. Сондай-ақ ол – көп оқыған, біл­ге­нін ойда көп
тоқыған азамат. Сөй­лесе, ойын қысқа, әдемі де әсерлі жеткізеді. Қазіргі кейбір
өзін қайраткер санап жүргендердей дастархан мен үстел басында жү­зі­нің сол
жағымен сөйлеп, сыртқа шыға салып оң жағын пай­даланбайды. Өтірік айтуды біл­мейді.
Қуанса да өзіне лайықты пейілмен шаттанады, ренжісі де шы­нымен қынжылады. Ойы
мен жүрегін толық ашады. Меніңше, шынайы кісілік болмыс та осындай
іс-әрекеттерде жатыр.

Қазіргі күні
Оңекең жұ­байы Задамен екі қыз бен ұл өсір­ген, немерелер сүйген үл­кен
шаңырақтың иесі. Қыз­да­ры Альмира мен Ардақ Ас­та­на қаласындағы жоғары оқу
орын­дарының ғалым оқытушы­лары, ұлы Еркебұлан – дипломат. Күйеу балалары мен келіні де мемлекеттік қызметте.

Сөз соңында
жетпістің жалынан мықтап ұстаған Оңекеңе алда да баянды өмір тілеп,
ұрпақтарыңың ортасында тағдыр берген жасты шаршамай, шалдықпай жасай бер деген
шын ықыласты көңілімізді білдіргіміз келеді.

Әбдіжәлел Бәкір,

саяси ғылымдарының докторы,
профессор
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз