БЕЛСЕНДІ ӨМІР ҮШІН КҮРЕС

77

0

ҚР Президенті
Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы- 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір
болашақ» атты Жолдауында «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көбірек көңіл бөлуді,
олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуы тиіс, ондай адамдарға қамқорлық
көрсетілуі тиіс, бұл өзіміздің және
қоғам алдындағы біздің парызымыз» деп атап көрсетті.

Осы Жолдауды басшылыққа алған және ел болашағын оңал­ту­ды
ойлаған облыстық бала­лар­ды оңалту орталығының жұ­­­мыс істегеніне он жылға
аяқ бас­ты. Қазір мұнда 50 бала тәр­бие­­ленуде.
Жалпы биылғы оқу жы­лына 139 бала тартылған. Ор­талық өз жұмысын ҚР Білім және
ғылым министрлігінің өткен жыл­ғы 22 ақпандағы бұйрығымен бе­кітілген «Арнайы
жалпы білім беру ұйымдары қызметінің тип­тік Ережелері» және Қызыл­ор­да облысының
қаржы басқар­ма­­сының биылғы жылғы 29 қаң­­тардағы бұйрығымен бекі­тіл­­ген
«Облыстық білім бас­қар­масының «Облыстық бала­лар оңал­ту орталығы» ком­му­нал­дық
мем­лекеттік меке­ме­сі­нің ере­жесі» негізінде жүргі­зе­­ді. Мем­лекеттік
қызмет да­му мүм­кіндіктері шектеулі ба­ла­ларға ата-аналарының (заң­ды
өкілдерінің) келісімімен ұсы­ны­­лады. Орталықта қызмет бе­ру­ші мен қызмет
алушы ара­сын­да екі тараптық келісім шарт толтырылады. Орталық қыз­меті ПМПК (психологиялық-ме­ди­ци­на­лық-педагогикалық
кон­су­льтация) жолдамасы негізін­де жү­зеге асады. Қызмет алушы­лар­дың
орталыққа деген сенімінің арқасында 2005 жылдан бергі уақытта 13 баланың
денсаулығы тү­зетіліп, жалпы білім беру
ұй­ымдарына жіберілді.

Қызмет алушы қызмет бе­ру­шінің орта білім алудағы жә­не
ақыл-ойы кешеуілдеген ба­ла­ларға арналған арнайы бағдар­ламаларының негізінде
берілетін білім талаптарын орындайды. Ор­талық қызметкерлері емделушіге орта
білім алуға қажетті жағдай жасайды. Білім беру үрдісі жал­пы білім беру
мектептерінің тип­тік оқыту жоспарларының не­гізінде жүзеге асады. Бұл бі­лім­ді
қамтамасыз етуді педаго­гика саласында жоғарғы кәсіби бі­лімі бар мамандар және ар­найы мектептің бағытына сәй­кес
қайта даярлықтан өткен ұс­таз­дар жүзеге асыруда. Мүмкін­ді­гі шектеулі
балалардың оқу үрдісін психологиялық-пе­да­го­­гикалық қолдауды оңал­ту ор­­та­лықтарының
штатта­ры­на кі­ретін психолог, лого­пед, ар­найы пе­дагогтар (сурдо­пе­да­гог,
тифлопедагог, олиго­фре­но­­педагог) жүргізіп келеді. Ор­та­лықта медициналық
көмек көр­сету, қызмет алушылардың ден­саулығын нығайту және қор­­ғауды
қамтамасыз ету Қа­зақ­стан Республикасының заң­на­ма­­сына сәйкес қолға алын­ған.
Ең­бекке баулуды ұйым­дас­ты­ру үшін шеберханалар тәр­бие­ле­­нушілердің
бұзылыстарын жою­ға мүмкіндік беретін жә­не жа­рақаттың алдын алуға қа­жет­ті
жабдықтармен, арнайы бей­ім­делген құралдармен қамта­масыз етілген.

Типтік ережеге сәйкес оқу маз­мұны орталықта
түзету кө­ме­гін алатын баланың мүмкін­дік­тері мен мұқтаждығын ескере оты­рып
дайындалған жеке да­мы­ту бағдарламасы бойынша бел­гіленеді деп көрсетілген.
Жеке да­му бағдарламалары жасалып, ор­талықтың педагогикалық ке­ңе­сінің
шешімімен бекітілген. Ор­талықтың басты міндеті – да­муында кемшіліктері бар ба­ла­лар­дың
алдағы уақытта бейім­де­ліп оңалуы, олардың ата-ана­ла­рына көп салалы көмек
беру бо­лып табылады. Түзете-дамыту жұмысы үш бағыт бойынша іске асырылады:
педагогикалық-пси­хо­логиялық оңалту, меди­цина­лық-сауықтыра оңалту, әлеу­мет­тік-педагогикалық
кеңес. 2005-2014 жылдар аралығында орта­лық 1543 балаға түзете-дамыту кө­мегін
көрсетті.

Балалардың жалпы таным қа­білетін дамытуға
арнайы жұмыс­тар мен үлгі сабақтар жүргізіледі. Логопед, дефектолог мамандары
сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдер қолдана отырып, балалармен же­ке даму
жұмыстарын жүргі­зеді. Мұнда негізінен педа­го­­гика ғылымдарының докто­ры,
профессор Жауынбай Қа­ра­ев­тың «Деңгейлеп оқыту педа­гогикалық технологиясын»
жә­не итальяндық педагог М.Мон­тессоридің әдістерін қолданады. Орталықта соңғы
технологиямен жабдықталған логопедиялық тре­нажер Дельфа-142 компьютері, құрғақ
шарикті бассейн, швед қабырғасы, ойын лабиринті, сен­сорлық жол және мамандар
бөл­месі қарастырылған.

Балаларды оңалту үшін тәрбиелік іс-шаралар, тәр­бие са­ғат­тары,
денсаулық апталық­тары, тренинг
сабақтар, ертеңгіліктер, қуыршақ театры, ертегі, еңбек, құм терапиялары,
дөңгелек үс­тел, қайырымдылық акциялары өткізіліп келеді. Емделушілердің
психикалық және физиологиялық дамуындағы ерекшеліктері еске­рі­ле отырып,
арнайы дамыту бағ­дарламасы жасалынған. Ор­та­лықта мүмкіндігі шектеулі ба­лалардың
жас ерекшеліктері мен даму ерекшеліктеріне бай­ланысты топтар құрылып, бағ­дарлама
бойынша деңгейлік жұ­мыстар жүргізіледі. Мәселен, өт­кен оқу жылында тіл және
тіл мә­дениеті сабағы, сенсорлық тә­жірибелер аймағы, әлеуметтік тұр­мыстық
бағдарлау аймағы, ұсақ моторика ұлттық салт-дәстүр сабақтары, үйірме жұмыстары
жүргізіліп, 155 мүмкіндігі шек­теулі
бала оңалту жұмыстары мен әлеуметтік
көмек алған.

Орталық облыстық,
рес­пуб­ли­калық, халықаралық деңгей­де­гі іс-шараларға, ғылыми-тә­жі­­­рибелік
конференцияларға қа­­­­тысып, өз тәжірибелерін бө­лі­сіп отыр. Оның дәлелі ре­тін­­де
«Арнайы білім беру үр­дісін да­мыту: мәселелері мен бо­ла­ша­ғы» халықаралық
ғылыми-прак­тикалық конференцияның ма­териалдары жинағына орталық ди­ректорының
орынбасары Сә­ли­ма Шаймерденованың «Кем ақыл балаларды тәрбиелеу мен оқы­тудағы
жеке бағдарлама үл­гісі» тақырыбындағы мақаласы жарияланды. Биылғы жылдың сәу­ір
айында орталықта «Даму мүм­кіндігі шектеулі балаларға әлеу­меттік, педагогикалық-пси­хо­ло­гиялық
қолдау көрсете оты­рып, тиімді технологиямен жұмыс жасау жолдары» атты облыстық
семинар өткізіліп, орталық ма­ман­дарының іс-тәжірибелері об­лыс­тық
«Педагогикалық ізденіс» ғылыми-әдістемелік журналға жарияланды. Мұның өзі елдің
ертеңгі болашағы – бүгінгі жас ұрпақ тәрбиесіне мемлекет та­ра­пынан ерекше мән
беріліп отыр­ғанын айғақтайды.

 

Жұмагүл ОРАЛБАЕВА.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз