Бейбітшілігі мен тұрақтылығы мығым ел

97

0

Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев әрдайым еліміздің басты байлығы және жетістігі Қазақстанда тұратын халық пен этностардың достығы мен бірлігі екенін айтып келеді.
Мемлекет басшысының талай қиындықтан, небір қылкөпірден халқын аман алып өтіп, бүгінде өзі құрған мемлекетті жетелеп, әлемнің озық елдерінің қатарына қоса бастағаны – әлемдік қауымдастық әлдеқашан мойындаған ақиқат. Біздің Президент еліміздің бірлігін қамтамасыз етті. Тәуелсіздік жылдары оның басшылығымен адамдар ертеңгі күнге сеніммен қарай бастады. Ең бастысы – елімізде бейбітшілік пен тұрақтылық орнықты. Бұл біздің байлығымыз, оны әрбір қазақстандық мақтан тұтып келеді.
Біз әлемнің озық тәжірибесін ұтымды пайдаланып, ата-бабадан қалған асыл өнегені әдемі ұштастырып келе жатқан стратег, ұлтымыздың абыройына айналған Президентімізбен мақтана аламыз. Қазақстан тәуелсіздік алған жылдың ішінде көптеген жетістіктерге қол жеткізді.
Тұңғыш Президент күні барлық қазақстандықтардың бірлігін бейнелейді. Бұл мереке Қазақстанның тәуелсіз даму жолындағы барлық жетістіктерінің айқын айғағы болып табылады. Біздің ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасы жасап, жайнай беретініне кәміл сенеміз.
Лиза ЫСҚАҚОВА,
Аналар кеңесінің мүшесі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз